Тау текелері

Тау текелері (лат. Capra) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жануарлар. Денесінің ұзындығы, 100-170 см, шоқтығының ұзындығы, 65-115 см, салмағы, 35-150 кг. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Еркегінде ұзын түкті «сақал», құйрығының теменгі жағында иісті бездер болады. 8 түрі бар: сақалды текелердің, 2 түрі: сібір текесі, иір мүйізді теке және т.б. Солтүстік Африкамен Еуразияда таралған, ТМД-да, 5 түрі, Кавказ тауларында, Орта Азия, Оңтүстік Сібірді мекендейді. Таудың қиын қиылыс жерлерде үйір болып тотасып тіршілік етеді. Аулау объектісі. Көптеген түрлері жойылуға тақау. ХТҚО, (2 турі, 1 түршесі) және КСРО-ның, (1 турі, 2 түршесі) Қызыл кітабына еңгізілген. Үй ешкілерінің ата-тегі.[1]

Тау текелері
Сібір тау текелері, Capra sibirica
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жұптұяқтылар
Тұқымдасы:Қуысмүйізділер
Кіші тұқымдасы:Caprinae
Тегі:Capra
Линней, 1758
Шамамен берілген ареалы
Шамамен берілген ареалы

Дереккөздер