Тарту

Тарту (эст. Tartu; немісше және шведше: Dorpat,[2] орыс. Дерпт/Derpt, 1117 ғасырларда және 18931918 жылдары Юрьев/Jurjew) — Эмайыги (Омовжа; нем. Embach — Эмбах) өзеніндегі қала, Эстониядағы Таллиннен кейін халық саны жағынан екінші қала, уездік орталық.

Қала
Тарту
Tartu
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Эстония

Уезд

Тартумаа

Мэр

Урмас Клаас

Тарихы мен географиясы
Координаттары

58°22′ с. е. 26°43′ ш. б. / 58.367° с. е. 26.717° ш. б. / 58.367; 26.717 (G) (O) (Я) 26°43′ ш. б. / 58.367° с. е. 26.717° ш. б. / 58.367; 26.717 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1030

Жер аумағы

38,8 км²

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

95 074[1] адам (2012)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+372 7

Автомобиль коды

T

tartu.ee/?lang_id=5

Тарту картада
Тарту
Тарту

Тарихы

Тарту (1866)

Тарту — Балтық жағасындағы орналасқан ең көне қалаларының бірі. Бұл жердегі көне адамның тұрақты қонысы V ғасырмен даталанған, ал ескі қаланың орны VI—VIII ғасырлармен. Ескі қала Тарбату (tarvas — эст. 'жабайы өгіз') деп аталған. Осыдан эстон тіліндегі кейінгі атауы — Тарту, сонымен қатар Dörpt, Dorpat немесе Дерпт.

1030 жылы Тарбату қаласы киев князі Ярослав Мудрыйдың жасағымен жауланды. Ярослав қаланы өзінің христиандық есімімен Юрьев деп атады.

1061 жылы қала жергілікті тайпалармен өртенді.[3]

1224 жылы ұзақ уақытты қоршаудан кейін қала неміс серілер-семсершілермен жауланды.

Қаланың атауы немісше Дорпат деп өзгертілді және Дорпат епископтығының орталығына айналды.

1600—1603, 1625—1656 және 1661—1704 жылдары Дорпат Швецияның , 1603—1625 жылдары — Польша мен Литва одағының, ал 1656—1661 жылдары — Ресейдің иесінде болды.

1632 жылы қалада «Густавиан академиясы» (қазіргі кезде — Тарту университеті) ашылды, Швед корольдігіндегі екінші (Уппсала университетінен кейін) жоғары оқу орны.

1893 жылы қалаға 1919 жылға дейін сақталған Юрьев атауы қайта берілді.

1918 жылдың 24 ақпанында Юрьев қаласы неміс әскерлерімен оккупацияланды. 1918 жылдың 22 желтоқсанында Қызыл Әскер Юрьев қаласын немістерден босатты және Совет үкіметін орнатты.[4]

1919 жылдың қаңтарында эстон әскерлері Қызыл Армияны Юрьевтен шығарып, қысқа мерзім ішінде шамамен 360 адам өлтірілді.[5] Эстония республикасында қала атауы Тарту деп өзгертілді.

1940 жылы Эстонияға кеңес әскерлері енгізіліп және ЭКСР құрылды, сол жылдың 6 тамызында КСРО-ға қосылды. 1940 жылдан бастап Тарту мемлекеттік университеті эстон және орыс тілдерінде білім беретін кеңестік жоғарғы оқу орнына айналды.

1950 жылға қарай қала халқы 55 мың адамға дейін жетті.

Халқы

Демографиясы

1825[6]1833[7]1840[8]1847[9]1856[10]18631867[11]1881[12]1897[13]1922[12]1934[14]1939[15]1959[16]1970[17]1979[18]1989[19]2000[19]2010
845010.02012.20312.18512.91414.38621.01429.97442.30850.34258.87660.28174.26390.459104.518113.97798.695103.284

Халықтың тарихи үлестрімі

Ұлттар1867[20]1881[21]1897[22]1922[21]1934[23]
саны%саны%саны%саны%саны%
Барлығы21 01410029 97410042 30810050 34210058 876100
эстондар972046,316 52655,429 03968,642 45984,551 55987,6
немістер890742,410 48635,2702016,632106,427064,6
орыстар18668,918186,136898,725705,126404,5
басқалар5212,511443,825606,121034,219713,3

Білім беру және ғылым

Тарту университеті. Бас ғимараты (2006)

Қалада Тарту университеті (бұрынғы атаулары — Дерпт университеті, Юрьев университеті) орналасқан — Эстонияның жетекші жоғарғы оқу орны, елеулі ғылыми негізге және көмекші мекемелер (Тарту обсерваториясы, Эстонияның гендік қоры және басқалар) жүйесіне ие, сонымен қатар Тарту университетінің Вильяндидегі мәдениет академиясы. Тарту университетіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық қызметінің елдегі көрсеткіштер жарты көлемін құрайды. Тартуда Эстонияның жаратылыстану ғылымдар университеті (бұрынғы атауы — Эстонияның ауыл шаруашылығы академиясы) және тағы 9 жоғарғы оқу орны орналасқан.

Қалада Эстонияның биоорталығы, Тарту биотехнологиялық паркі және Тарту ғылыми паркі орналасқан. 2001 жылы негізделген Тарту биотехнологииялық паркі Солтүстік және Балтық елдердің биотехнологиялық кәсіпорындарын және ұйымдарын, сонымен қатар Ғылыми парктердің халықаралық қауымдастығы (IASP) біріктіретін ScanBalt одағының мүшесі болып табылады. 1992 жылы негізделген Тарту ғылыми паркі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық қызметімен айналысатын Эстонияның оңтүстігінде орналасқан барлық мекемелермен және ең алдымен Тарту университетімен тығыз байланыстарға ие. 2010 жылы Тарту ғылыми паркінде Балтық елдерінің арасындағы ең ірі нанозертхананың құрылысы басталды.[24]

Бауырлас қалалары

Тарту қаласының бауырлас қалалары:[25]

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Тарту

Дереккөздер