Тартар
ТАРТАР (Porzana porzana) - қараторғайдан сәл үлкенірек, шағын денелі (80- 130 г) құс.
Тартар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Porzana porzana Linnaeus, 1766 |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d1/Porzana_porzana_MHNT.ZOO.2010.11.69.8.jpg/220px-Porzana_porzana_MHNT.ZOO.2010.11.69.8.jpg)
Биологиялық сипаттама
Бүкіл жабын қауырсыны шұбарланған қошқыл түсті болып келеді.Биік шөптердің арасымен оңтайлы жүгіреді, алайда зауықсыз ұшады да, жүзуден қашқалақтайды. Түнде өмір сүреді. «Тартар» деген атау «деуге тұрмайтын - кішкене» деген ұғымнан туса керек. Тартардың ұялау кезеңінде дөрекі жағымсыз ысқырығын іңір қараңғылығында жиі естуге болады. Ернеуі биік, ұқыпты жасалған ұясын батпақты шөптің ортасына, ылғалды шалғынға орналастырады. Салындыдағы 5-8 шұбар жұмыртқаларды ата-енелері 3 апта бойы басады. Балапандар кептірініп үлгерместен, денесін қошқыл мамық жауып, ата- енелерінің соңынан ілесуге болады.
Таралуы
Орта және Оңтүстік Еуропа, Алдыңғы Азияда, Сібірде, Солтүстік-Батыс Азияда таралған. Қазақстанда шөптесін батпақта және қорықшасы (батпақтанған көмескі орын) бар жерлерде орын теуіп, республиканың солтүстік жартысында ұялайды, оқта-текте қамыста да өмір сүреді. Тартарлар Қазақстанда наурыздың аяғынан қарашаға дейін кездеседі.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.