Тарихи геология

Тарихи геология - Жер қыртысының алғаш қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы даму заңдылықтары мен тарихын саралайтын геологиялық ғылым тарауы. Тарихи геологияның басты-басты міндеттері:

  • тау жыныстарының қалыптасу ретін анықтау;
  • шөгінді (тұнба) жыныстар қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайларын қалыпқа келтіру;
  • тектоникалық қозғалыстар тарихын және тектоникалық құрылымдар дамуының ерекшеліктерін зерттеу т.с.с.[1]

Дереккөздер