Такуми Минамино

Такуми Минамино (жапон. 南野 拓実; 16 қаңтар 1995 жыл, Идзумисано) — жапониялық футболшы, "Монако" клубы мен Жапония құрамасының шабуылшысы. 2019 жылғы Азия кубогының күміс жүлдегері.

Такуми Минамино Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

16 қаңтар 1995 (1995-01-16) (29 жас)

Туған жері

Идзумисано, Осака, Жапония

Азаматтығы

 Жапония

Бойы

172 см

Салмағы

68 кг

Позиция

вингер

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Франция Монако

Клуб карьерасы[* 1]
2012—2015Жапония Серезо Осака62 (7)
2015—2020Аустрия Ред Булл Зальцбург136 (42)
2020—2022Англия Ливерпуль30 (4)
2021  Англия Саутгемптон10 (2)
2022—Франция Монако0 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2015— Жапония39 (17)
Азия Кубогы
КүмісБАӘ 2019

Карьерасы

Минамино Джей-Лигада "Серезо Осака" сапында Диего Форланмен бірге ойнап, 62 кездесуде алаңға шықты. Бірақ клуб 2014 жылғы маусымда төменгі лигаға түсіп кетті.

2015 жылдың басында "Ред Булл" клубына ауысты. Аустриялық клуб сапында тұңғыш рет 26 ақпан күні "Вильярреалға" қарсы Еуропа лигасының 1/8 финалыннда алаңға шықты[1].

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2015 жылы 13 қазан күні Иранға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2016 жылы Олимпиадалық құрама сапында Рио-де-Жанейродағы ойындарға қатысты.

2019 жылғы Азия кубогына қатысып, финалда Катар қақпасына бір гол соқты. Бірақ Жапония 1:3 есебімен ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Жетістіктері

Клубтық

  • Аустрия чемпионы (4): 2014/15, 2015̈/16, 2016/17, 2017/18
  • Аустрия кубогы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17

Жеке

  • Джей-лигадағы жаңа есім: 2013

Халықаралық

  • Азия кубогының финалисі: 2019

Дереккөздер