Тайбұға

Тайбұға (сіб. тат. Тайбука кан 1201-1290) — хан, Батыс Сібірді басқарған, Сібір ханы Он-Сом ханның (Уаң хан дәрежесі болған) ұрпағы. Хандық құрған мерзімі 1220 - ? жылдар.

Тайбұға хан
тат. Тайбука кан
Лауазымы
Мемлекетінің билеушісі
1220-1290
ІзашарыОн-Сом хан
Өмірбаяны
Дінітәңіршілдік
Дүниеге келуі1201 (1201)
Қайтыс болуы1290 (1290)
ДинастияСібір хандар әулеті
ӘкесіОн-Сом хан, (Он-Сом ханның ұлы Игіден болуы мүмкін)
Қызмет еткен жылдары1220-1290

Тайбұға кезеңі

Сібір аймағында Тайбұға басқарған ұлкен ұлысы болғандығы тарих жазбаларында бар. Бұл туралы Сібір жылнамаларында мынадай деректер бар. Есіл өзенінің Магмет заңындағы (мұсылман діні) Он атты патша өмір сүрді. Тайбұға – оның ұлы. Шыңғыс оны жақсы қарсы алып, өзін бағынғандардың бірінші князі деп атап, оған жеке жер үлесін берді. Шыңғыс патша Тайбұға князға үлкен құрметпен қарады және Тайбұға Шыңғыс патшадан өзі тұрғысы келетін жер сұрады. Шыңғыс патша «қайда тұрғың келсе, сонда тұр, – деп жібереді. Тайбұға князь бүкіл өзінің руымен Тұра өзеніне кетіп, сол жерде Чымға қаласын көтерді, Түмен (Тюмень) қаласы осы жерде».

Түмен қаласы хақында А.Андреев: «…Шыңғыс, Ван ханның ұлы Тайбұғаны жібер, қай жерде тұрғысы келеді, сол жерде тұрақтасын. Ол Тұра өзенінің бойына келіп, қала тұрғызды, оны Чимгий деп атады, қазір ол жерде Түмен деп аталатын христиан қаласы орналасқан», – деп атап көрсетеді. [1]

Шыңғыс ханның Тайбұғаға Батыс Сібірден жер бөліп бергендігін ескерсек, оның Орта Азияны жаулауға өзімен бірге келген керейттерге осы аймақтан жер үлесін беруін тарихшылар жоққа шығармайды.

Батыс шежірелері Тайбұға есімін Есілде ерте феодалдық Сарғаш мемлекет-княздігінің пайда болуымен және Тура өзенінің бойынан Чимги-Тура қаласының салынуымен байланыстырады. Тайбұғаның орнын басушы мирасқорлары мұрагерлері Түмен және Сібір хандығына қожалық ету үшін Шыңғысхан әскерлерімен ұзақ уақыт бойы күрес жүргізді.[2]

Тайбұға Ібір-Сібір аймағын өз иелігіне алғаннан кейін Тобылдың бір сағасы Тұра өзеніне Төмен өзені құяр тұсқа Чыңғы (Чымға) деген қала салады. Тайбұға тұқымы бұл өңірде XV ғасырдың соңғы ширегіне дейін билік жүргізді.[3]

Шығу тегі

Сібір нұсқасы

Керейіт нұсқасы

Г.Ф.Миллердің айтуынша, Тайбұға Шыңғыс ханнан жеңілген Есіл билеушісі Он-сонның ұлы. Кейбір тарихшылар оны керейіттердің билеушісі Ван ханмен байланыстырады. Уаң ханның бұрын жас Темучинге қамқор болғаны сияқты, Шыңғыс хан да кәмелетке толмаған Тайбұғыны өз қамқорлығына алды. Оның тапсырмасы бойынша Тайбұға остяктарды жаулап алды, содан кейін ол өзінің жеке ауласына рұқсат алды. Ханзада Тайбұға жұртының астанасын Шыңғы-Тура қаласы етіп, оны өзі негізін қалаған және қамқоршысының құрметіне атаған.

Миллер нұсқасының маңызды бөлігі ол Есіл өзенін керейт көшпенділерінің мекені деп санады, яғни ол оларды дәл Тайбұға жұрты құрылған Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанда орналастырды.[4] Тайбұғаның керейлік тегінің жақтаушылары Ш.Уәлиханов және басқа да авторлар болды.[5][6].

Қыпшақ нұсқасы

Дереккөздер