Сұраған Рахметұлы

Сұраған Рахмет — шетелдегі қазақ ақыны. Журналист. 1958 жылы 22 қазанда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Дэлүүн өлкесі, Қарасу деген жерде дүниеге келген. Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың саяси өмір тарихы» (2009) тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.

Сұраған Рахметұлы
Туған кездегі есімі

Сураган Рахмет

Туған күні

22 қазан 1958 (1958-10-22) (65 жас)

Туған жері

Дэлүүн өлкесі, Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия

Азаматтығы

Моңғолия

Ұлты

Қазақ

Бағыты

тарихи проза

Жанры

поэзия,проза

Шығармалардың тілі

Қазақша

Марапаттары

Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер

Өміpбаяны

  • Әскери мектепте, және Қорғаныс министрлігінің қасындағы Әскери саяси университетті тарих, философия мұғалімі мамандығымен бітірген.
  • Моңғолияның Мемлекеттік Басқару академиясын – мемлекеттік менежер мамандығы бойынша бітірген.
  • Моңғолия Журналистер Одағының, Моңғолия Жазушылар Одағының мүшесі.
  • Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Тарихшылар қоғамының мүшесі.
  • 1980-1990 Халық армиясында қызметте.
  • 1990 жылдан 1992 жылдары Баян-Өлгей аймақтық Жастар Ерікті одағында хатшы.
  • «Темірқазық» газетінің бас редакторы, 1992-1996 жылдары аймақтық Қазақ радиосында редактор-тілші.
  • 1996-2000 Аймақ Әкімінің Іс Басқармасының бастығы.
  • 2000-2005 Моңғолия Қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы.
  • «Шұғыла» журналының бас редакторы.
  • 2005 жылдан аймақтық Бұқаралық Ақпарат құралдарының директоры.
  • "Жаңа дәуір" газеті, «Шұғыла» журналының директоры.
  • Моңғолия қазақтарының «Қазақ этнос» клубының төрағасы.

Отбасы

Әкесі (ұлы атасы) Рахмет Аңқабайұлы /1900-1961/. Кіші әкесі – Сиыршыбай Рахметұлы.

Әжесі – Әштәри Сәріпқызы Өр Алтайда туған, әйгілі айтыскер. Кіші шешесі – Тоқталған Смағұлқызы, Молқы-Машан рулы.
Жұбайы - Раушан Базархан қызы орыс тіл пәнінің мұғалімі /1959-2016/. Ұлы – Олжас Сұрағанұлы Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н.Ельцин атындағы «Уральский Федеральный Университет»-ін құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген. Келіні - Дәрігерхан қызы Бүлдіршін Турцияның «Стамбул университет»-ін тәмәмдаған. Есағасы рулы.

Жыр жинақтары

  • «Жұлдыздың лағыл елесі» 2000 ж.
  • «Ақ тегершік» 2001 ж.
  • «Өрен жүйріктің сілекейі» 2006 ж.
  • «Түске оранған күз» 2011 ж.
  • «Көгілдір шабыт» 2011 ж.

Тарихи-монографиялық кітаптары

Моңғол, қазақ тілде жазады. Тарихи, публицистикалық мақалалары республикалық басылымдарда тұрақты жарияланып тұрған қаламгер.

«Құжырты құрбандары» 2004 ж.

«Қобдаға асқан қоңыр ел» 2014 ж.

Аудармалары

Ақынның бірсыпыра өлеңдері шетел тілдеріне аударылған.

Бавуугийн Лхагвасүрэн «Үр могой» /Іштен шыққан шұбар жылан/.

Гунаажавын Аюурзана, Тангадын Галсан, Банзрагчийн Цогзаяабаатар қатарлылардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Тәржімалары

  • Қытайдың Ли Бай (Li Bo 701-762).
  • Ван Вэй /701-706/, Ду-Фу /712-770/.
  • Жапонияның Баше (Basho 1644-1694).
  • Доки Зэнмаро, сондай-ақ Франц Кафканың (Franz Kafka 1883-1924) «Будан» қатарлы әңгімелері.
  • Шарль Бодлер (Sharles Bodelaire 1821-1867).
  • Стефан Маллерма (Stephane Mallerma 1842-1898).
  • Пол Верлен (Paul Verline 1844-1896).
  • Артюр Рэмво (Arthur Rimbaud 1854-1891).
  • Гийом Апполинер (Guillaume Apollinaire 1880-1918).
  • Роберт Лауэлль(Robert Lowell 1917-1977).
  • Томас Стериз Элиот (T.S.Eliot 1888-1965).
  • Эмили Дикинсон (Emily Elizabeth Dickinson 1830-1886).
  • Ульям Батлер Иейтс (W.B.Veats 1865-1939).
  • Роберт Ли Фрост (Robert Frost 1874-1963).
  • Уоллс Стивенс (Wallace Stevens 1879-1955).
  • Эзра Паунд (Ezra Paund 1882-1972).

Марапаттары

Қазақстанда «Шығыс шынары» мүшайраның 1 орын иегері.

Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған.

Моңғолия Жазушылар Одағы сыйлығының иегері.

Сыртқы сілтемелер