Сыйға тарту

Сыйға тарту[1] – бір тұлғаның өзіне тиесілі мүліктік құндылықтарды екінші бір тұлғаның меншігіне қайтарусыз беруі. Шартпен (сыйға тарту шартымен) ресімделеді және нотариуста тіркеледі. Сыйға тарту заңды тұлғаның атына ресімделсе, сыйдың құны оның негізгі қызметке жатпайтын қызметінен түскен табысы болып табылады және оған салық салынуға тиіс, сондай-ақ заңды тұлға мүлікті жеке тұлғаға сыйға тартса да, операция осылай бағаланады. Егер Сыйға тарту жеке тұлғалардың арасында ресімделсе, онда сыйдың құны салық салынатын табыстың құрамына енгізілмейді.[2]

Сыйға тарту

Сілтемелер

Дереккөздер