Су-27
Су-27 (ішкі белгіленуі: изделие 10В[1], НАТО кодтық белгілеуі бойынша: Flanker, Флэ́нкэр — ағылш. «Қапталдан кіруші», лақап аты — «Пижон») — Сухой КБ жасап шығарған кеңестік/ресейлік көпмақсатты оңтайлы (маневрлі) ауа-райы талғамайтын төртінші буындағы жойғыш ұшақ[2]. Әуеде басымдықты жаулап алуға арнап құрастырылған. Ұшақтың бас жобалаушысы (конструкторы) болып әр кездерде Черняков Наум Семёнович, Симонов Михаил Петрович, А. А. Колчин және А. И. Кнышев болған.
Су-27 | |
![]() Ресейлік Су-27 (МАКС 2007) | |
Түрі | жойғыш ұшақ |
---|---|
Жобалаушысы | |
Өндірушісі | |
Мемлекеті | |
Алғашқы ұшуы | |
Қолданысқа енгізілуі | 1982 жылдан бастап |
Статусы | Өндірілуде |
Негізгі эксплуатанттары | |
Басқа эксплуатанттары |
|
Өндірілген бірліктері | 810 астам (оның ішінде 95 Су-27 Қытайда лицензия бойынша шығарылған) |
Бірлігінің құны | |
Нұсқалары | Су-27М |
![]() |
Бұл жойғыштық ұшақ көптеген қақтығыстарға қатысқан.Дәлірек айтсақ Су-27 ұшақтары өткен ғасырдың сексенінші жылдары Кеңестер одағының шекарасын бұзған барлаушы ұшақтарды тойтару мақсатында қолданылды.1992 жылы Абхазиядағы соғыста Ресей тарапынан Грузия әуе-күштерін бұғаттау мақсатында қолданылды.1992 жылдың 5 қазаны күні 4 Ресейлік Су-27 ұшақтары Грузиялық 3 тікұшағын мәжбүрлі түрде қондырды.
1999-2000 жылдары Эфиопо-эритрея қақтығысында Су-27 ұшақтары алғаш рет әуе қақтығысына қатысты.Осы ұрыста Эфиопиялық Су-27 жойғыштары Эритреялық МиГ-29 ұшақтарымен майданға түсті.Нәтиже бойынша Су-27 ұшақтары еш шығынсыз 3 Эриртреялық МиГ-29 ұшақтарын жойды.
Қару-жарағы
Ұшақтың қару-жарағы атыс қаруы және зымырандық болып бөлінеді. Су-27нің атыс қаруы-оның оң қанатының, оң жартысының ағынында орнатылған, 150 оқ-дәрісі бар ГШ-301 типті 30 мм калибрлі Автоматты жылдам атылатын бір баррельді зеңбіректен тұрады.
Зымырандық қаруға келер болсақ, кез-келген әскери ұшақтардағыдай,Су-27 ұшақтары "Әуе-Әуе", "Әуе-Жер" бағытындағы басқарылатын зымырандармен, басқарылмайтын зымыран түрлерімен жабдықталған.Басқарылатын "Әуе-Әуе" зымырандары: Р-27 орта қашықтыққа арналған зымыраны-6 дана
Р-77 орта қашықтыққа арналған зымыраны-6-8 дана
Р-73 жақын қашықтыққа арналған зымыраны-4 дана
Р-27 зымырандары барлық типтегі ұшақтар мен тікұшақтарды, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен круиздік зымырандарды орта қашықтықтарда, күндіз-түні, қарапайым және күрделі метеожағдайларда, кез келген бағыттан, жер мен теңіз аясында, қарсыластың белсенді ақпараттық, атыс және маневрлік қарсы іс-қимылы кезінде әуе шайқасында жоюға арналған.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a3/%D0%90%D0%B2%D0%B8%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D1%8F%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%8F_%D1%80%D0%B0%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B0_%D0%A0-27%D0%A2_-_%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%B0_%D0%9F%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%BE%D1%82_01.jpg/220px-%D0%90%D0%B2%D0%B8%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D1%8F%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%8F_%D1%80%D0%B0%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B0_%D0%A0-27%D0%A2_-_%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%B0_%D0%9F%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%BE%D1%82_01.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bc/R-73_short-range_air-to-air_missile_in_Park_Patriot_01.jpg/220px-R-73_short-range_air-to-air_missile_in_Park_Patriot_01.jpg)
Р-73 зымыраны күн Мен түнде жоғары маневрлік басқарылатын және ұшқышсыз әуе шабуылдарын және жауды барлауды жақын әуе шайқастарында жоюға арналған.
Р-77 зымыраны күндіз-түні орташа қашықтықтарда, қарапайым және күрделі метеожағдайларда, кез келген бағыттардан, жер мен теңіз аясында, қарсыластың белсенді ақпараттық және маневрлік қарсы іс-қимылымен әуе шайқастарында қарсыластың әскери-көлік авиациясының жойғыштарын, штурмовиктерін, бомбалаушыларын, ұшақтары мен тікұшақтарын жоюға арналған.
Басқарылатын "Әуе-Жер" зымырандары:
Х-25мл зымыраны шағын көлемді жылжымалы және қозғалмайтын жерүсті (су үсті) мақсаттарын: РЛС және зениттік-зымыран кешендерінің ұшыру қондырғыларын, ашық тұрақтар мен жеңіл баспаналардағы ұшақтарды, жеңіл Көпірлер мен өткелдерді, аз тонналы Кемелерді, теміржол эшелондарын және т. б. зақымдауға арналған.
Х-29т зымыраны көзбен шолып сақталатын жерүсті және су үсті нысаналарын - темір-бетон жабындарды, стационарлық теміржол және тас жол көпірлерін, өнеркәсіптік құрылыстарды, қоймаларды, бетондалған ҰҚЖ-ны зақымдауға арналған. кемелер мен десанттық құралдар.
Х-29л зымыраны қарапайым метеожағдайларда берік жерүсті нысаналарын-ұшақтардың жабындарын, бетондалған ҰҚЖ, стационарлық теміржол және тас жол көпірлерін, өнеркәсіптік құрылыстар мен қоймаларды зақымдауға арналған.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c9/Turbulence_SU-27.jpg/300px-Turbulence_SU-27.jpg)
Жоғары пилотажды фигурасы
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/78/Su-27_Cobra_2b.png/300px-Su-27_Cobra_2b.png)
Кобра фигурасы доплерлі радардан құтылу үшін пайдаланылады. Оны алғаш рет қолданған пилот Игорь Петрович Волк 1989жылы Ле-Бурже әуесалонында көрсеткен.
Эксплуатациясы
(Су-27 және Су-27УБ) 680 данасы КСРОда құрастырылған.
Ресей — ~150 дана. Су-27СМ/СМ3 нұсқалары
Қытай— 75 Су-27СК жойғыштары.
Қазақстан — 22 Су-27БМ2 және УБМ-2 нұсқалары. (2012 жыл)
Өзбекстан — 25 дана (Барлығы дерлік қолданыстан шығарылған) (2010 жыл)
Ангола — 8 дана. 2000 жылы Ангола Ресейден Су-27 ұшақтарының 8 данасын сатып алған болатын алайда 2000 жылдың 11 қарашасы күні байқаусызда 1 данасы атып түсірілді.Осы шығынның орнын алмастыру мақсатында Өзбекстаннан Су-27УБ ұшағының 1 данасы сатып алынды (2010 жыл).