Субдукция

Субдукция — спрединг процесі нәтижесінде континент жағалауларына жылжып жеткен мұхиттық литосфераның сол литосфера қозғалысына қарсы бағытталған немесе "тыныш тұрған" континенттік литосфера астына қарай сұғынуы. Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі төрт қағидасының (континенттер ығуы, спрединг, субдукция және коллизия) бірі болып табылатын бұл процеске сәйкес, төмен сұғынған мұхиттық литосфера мен оны көмкерген континенттік литосфераның бір-бірімен тоқайласуы (үйкелісі) Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын арнаулы құрылымдар жиынтығының қалыптасуына себепші болады. Белсенді мұхит жағалауларында ғана қалыптасқан мұндай құрылымдар жиынтығына жататын құрылымдар шұңғыл науалар жататын құрылымдар шеткі теңіздер.[1]

Дереккөздер