Смағұл Көшекбаев

Смағұл Көшекбаев (23 желтоқсан 1904, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы – 18 сәуір, 1945, Германия, Торн қаласы) – жауынгер-композитор, домбырашы, КСРО композиторлар одағының мүшесі (1938).

Өмірбаяны

  • Көшекбаев 12 – 13 жасында күй тартумен әуестеніп, Мұхиттың әндерін айта бастайды.
  • Қазан төңкерісінен кейін ауыл мектебінде мұғалім болады.
  • Қызылордадағы арнаулы мұғалімдер курсында оқыды (1932).
  • 1936 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, Қазақ филармониясына домбырашылық қызметке қалдырылды.
  • Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясының композиторлық курсын бітірді (1940).
  • 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында еңбек еткеді.
  • 1941 жылы Ащысайда халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды.
  • 1942 жылы 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды.
  • Германияның Торн қ. түбіндегі ұрыста қаза тапқан.

Шығармалары

  • “Ботагөз”
  • “Жаз”
  • “Май гүлі”
  • “Біздің ән”
  • “Дауыл”
  • “Сағыныш”
  • “Бригада жыры”
  • “Біз келеміз”, т.б. ән-романстардың авторы.

Нотаға түсірген күйлері

Құрманғазының

  • “Ертең кетем”
  • “Лаушкен”
  • “Повестка” күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті.

Марапаттары

  • Қызыл Ту ордені.
  • Қызыл Жұлдыз ордені.
  • 2-дәрежелі Отан соғысы ордені.[1]

Есте қалдыру

Көшекбаев атындағы мәдениет үйі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы мәдениет үйіне есімі берілген.[2]

Дереккөздер