Симоне Дзадза

Симоне Дзадза (итал. Simone Zaza; 25 маусым 1991 жыл[1], Поликоро, Италия) — италиялық футболшы, Италия Ұлттық футбол құрамасы мен "Торино" клубының шабуылшысы. 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Симоне Дзадза Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

25 маусым 1991 (1991-06-25) (33 жас)

Туған жері

Поликоро, Италия

Азаматтығы

 Италия

Бойы

187

Салмағы

75

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Италия Торино

Номері

11

Клуб карьерасы[* 1]
2008—2010Италия Аталанта3 (0)
2010—2013Италия Сампдория2 (0)
2011—2012 Италия Юве Стабия4 (0)
2012 Италия Виареджо18 (11)
2012—2013 Италия Асколи35 (18)
2013—2015Италия Сассуоло64 (20)
2015—2017Италия Ювентус19 (5)
2016—2017 Англия Вест Хэм Юнайтед8 (0)
2017 Испания Валенсия20 (6)
2017—2019Испания Валенсия33 (13)
2018—2019 Италия Торино29 (4)
2019—Италия Торино21 (5)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014— Италия18 (2)

Карьерасы

Ұлттық құрама

2014 жылы 4 қыркүйекте Нидерланд құрамасына қарсы ойында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Бес күннен соң ЕУРО-2016 іріктеуіндегі Норвегияға қарсы ойында тұңғыш голын соқты.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында Италия ширек финалға дейін жетті. Дзадза үш кездесуге қатысып, гол соға алмады. Ширек финалда Италия мен Германия өзара кездесіп, матч соңы пенальтилер сериясына ұласты. Дзадзаның өзіндік мәнердегі дайындығы зая кетті (допқа жеткенше билеп, секеңдеп барады), соққысы қақпаға дарымады. Кейін Дзадзаның осы соққысына пародия жасаған бейнероликтер де пайда болды. Италия пенальтилер сериясында ұтылып қалды.

Жетістіктері

Командалық

«Ювентус»

  • Италия чемпионы: 2015/2016
  • Италия кубогы: 2015/16

Дереккөздер

Сілтемелер