Серік Керімбекұлы Қонақбаев

Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014)[1], Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті[2]

Серік Қонақбаев
Жалпы мағлұмат
Толық есімі

Серік Керімбекұлы Қонақбаев

Азаматтығы

 Қазақстан

Туған күні

25 қазан 1959 (1959-10-25) (64 жас)

Туған жері

Павлодар қаласы

Салмағы

63,5 кг

Марапаттар
Ерлер боксі
 Қазақстан
Олимпиада ойындары
КүмісМәскеу 1980Бірінші жартылай орташа салмақ
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
КүмісМюнхен 1982Бірінші жартылай орташа салмақ

Биографиясы

Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.

Спорт карьерасы

Серік Қонақбаев пен Хосе Агилар 1980 жыл

Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).

Марк Бриланд және Серик Конакбаев 2010 жылы.

Отбасы

Мәскеу олимпиадасында (1980)

КезеңСпортшыМемлекетіНәтижесіСпортшыМемлекеті
1/16Серік Қонақбаев  КСРО(5:0)Симион Чутов  Румыния
1/8Серік Қонақбаев  КСРОИмре Бакшкай  Мажарстан
1/4Серік Қонақбаев  КСРО(уақытынан бұрын)Хосе Ангел Молина  Пуэрто-Рико
1/2Серік Қонақбаев  КСРО(4:1)Хосе Агуйлар  Куба
ФиналСерік Қонақбаев  КСРО(1:4)Патрицио Оливиа  Италия

Марапаттар

Дереккөздер