Сергей Иванович Ковалев
Сергей Иванович Ковалев (1886 жыл 25 қыркүйек – 1960 жыл 2 қараша, Ленинград) — көне заман тарихын зерттеуші кеңес ғалымы, тарих ғылымдарының докторы (1938).
Сергей Иванович Ковалев | |
Туған күні | |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | Тарих ғылымдары |
Жұмыс орны | Ленинград университеті, Кеңес тарихшылары ұлттық комитеті |
Ғылыми дәрежесі | Тарих ғылымының докторы |
Ғылыми атағы | |
Несімен белгілі | Курс всеобщей истории, т. 1-2, Ленинград, 1923-25, Очерки истории древнего Рима, М., 1956. |
Еңбек жолы
1924-1956 жылдары Ленинград университетінің профессоры. 1934 жылдан өзі құрған Ежелгі Грекия мен Рим тарихы кафедрасын басқарды. 1956-1960 жылдары Дін және атеизм тарихы музейінің директоры. 1955 жылдан Кеңес тарихшылары ұлттық комитетінің мүшесі. Ковалев өзінің негізгі ғылыми еңбектерінде ежелгі дүниенің әлеуметтік-экономикалық сипаты, марксизм-ленинизм классиктерінің құл иелену қоғамы туралы ілімі, тап күресі мен құлдар көтерілісі мәселелерін зерттеді. Ол алғашқы марксистік оқулықтар – «Көне қоғам тарихының» 1,2-бөлімдерінің, «Рим тарихы» толық курсының, көне дүние тарихына арналған мектеп оқулықтарының авторы.
Шығармалары
- Курс всеобщей истории, т. 1-2, Ленинград, 1923-25;
- Очерки истории древнего Рима, М., 1956.[1]