Сенегал

14°15′00″ б. б. / 14.46667° с. е. 14.25000° б. б. / 14.46667; -14.25000 (G) (O) (Я)

Сенегал (фр. Sénégal), ресми атауы Сенегал Республикасы (фр. République du Sénégal) — Батыс Африкадағы мемлекет, атын елдегі өзеннің атынан алып тұр.

Сенегал Республикасы
République du Sénégal (фран.)
Réewum SenegaalҮлгі:Ref-wo
SenegaalҮлгі:Ref-ff
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Бір халық, бір мақсат, бір сенім»
Әнұран: «Pincez Tous vos Koras, Frappez les Balafons»
Тарихы
Тәуелсіздік күні20 тамыз 1960 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріфранцуз тілі
арабша (хесания) ұлттық тіл мәртебесіне иә[1].
ЕлордаДакар
Ірі қалаларыДакар, Зигиншор, Каолак
Үкімет түріАралас республика
Президенті
Премьер-министрі
Маки Салл
Мохамед Дионне
Мемлекеттік дініЗайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 86-шы орын
196 712 км²
2,1
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2016)
Тығыздығы

15 411 614 адам (72-ші)
14 668 522[2] адам
68,7 адам/км² (134-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

59,987 млрд.[3] $ (112-ші)
3,675[3] $ (158-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

24,240 млрд.[3] $ (108-ші)
1,485[3] $ (158-ші)
АДИ (2017) 0,505[4] (төмен) (164-ші)
ВалютасыКФА франкы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.sn
ISO кодыSN
ХОК кодыSEN
Телефон коды+221
Уақыт белдеулері0

Батысында — Атлант мұхиты, солтүстігінде — Мауритания, шығысында — Мали, ал Гвинея және Гвинея-Бисау онтүстігінде. Ел ішінде Гамбия мемлекеті орналасқан.

Географиясы

Сенегал — субэкваторлық белдеудегі саванналар мен орманды алқаптар аймағындағы жазық ел. Оңтүстік-шығысында 500 м-ге дейінгі жеке биіктіктер бар.

Климаты субэкваторлық, солтүстігінде құрғақ, оңтүстігінде ылғалдырақ. Орташа температура: қаңтарда шамамен 23 °C және шілдеде 28 °C.

Сенегал аумағы арқылы тұрақты ағысы бар екі үлкен өзен - солтүстігінде Сенегал және оңтүстігінде Казаманс ағып жатыр. Қалған өзендердің көпшілігі құрғақшылық кезінде толығымен дерлік құрғайды.

Сенегалдағы ірі жануарлар толығымен дерлік жойылды, бірақ бөкендер саванналарда кездеседі, ал шалғай жерлерде әлі де шакалдар, гиеналар, қабыландар және гепардтар өмір сүреді. Мұнда көптеген ұсақ кеміргіштер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер (соның ішінде цеце шыбыны) кездеседі. Жағалау сулары балықтарға, соның ішінде акулаларға бай.

Әкімшілік бөлінісуі

Толық мақаласы: Сенегалдың әкімшілік бөлінісуі
Сенегал аймақтары

Сенегал 11 облыстан құрылған.

ОблысОблыс (фр.)ОрталығыЖер көлемі, ш.шақырымхалық саны (2002), адам
ДакарDakarДакар5502 267 356
ДиурбельDiourbelДиурбель4 3591 049 954
ФатикFatickФатик7 935613 000
КаолакKaolackКаолак16 0101 066 375
КолдаKoldaКолда21 011847 243
ЛугаLougaЛуга29 188677 533
МатамMatamМатам25 083423 041
Сен-ЛуиSaint-LouisСен-Луи19 044688 767
ТамбакундаTambacoundaТамбакунда59 602605 695
ТиесThièsТиес6 6011 290 265
ЗигиншорZiguinchorЗигиншор7 339437 986

Халқы

Толық мақалалары:Сенегал халқы

Халық саны

2009 — 13 '700'000. Бір жылда өсуі — 2,7 %

Орташа өмір сүру жасы

59 жас (57 — ерлер, 61 — әйелдер)

Тұратын ұлттар

20 шақты этникалық топтар бар. Ең ірілері: волоф (43 %), фульбе (24 %) и серер (15 %). Ақ нәсілділер (көбінесе француздар) және ливандықтар — 1 % шамасында.

Ресми тіл

Француз. Жергілікті тілдер де қолданылады

Халық сауаттылығы

Ерлерде — 51 % , әйелдер — 29 % (2002 жыл)

Діндер

Мұсұлмандар — 94 %, христиандар — 5 %, жергілікті діндер — 1 %

Қалалық тұрғындар

42 % (2008)

Тарихы

Колонизацияға дейін

Мегалиттер

XI ғасыр шамасында араб шабуылшылары алып келген ислам елдегі ең маңызды дін ретінде саналды.

XIV ғасырда Сенегал жерінде бірнеше кішкентай елдер болған. Олардың арасында ең күштісі Джолоф империясы болды. Сенегалдың Горе аралы көптеген уақыт бойы ең үлкен құл сату орталығы болып саналды.

XV ғасырда бұл елде бірінші еуропалықтар келді. 1435 жылы Португалияның өкілдері келген. Ал XVII ғасырда француздар Сенегалда бірінші қаланың негізін салған.

Колония кезі

ХІХ ғасырдың екінші жартысында француздар Сенегал ішкі аймақтарын басып бастады. 1860 жылы Елдің ең ірі тайпасының басшысы, Хаджи Омар, Францияның протекторатын мойындады. Ал 1890 жылы қалған тайпалардың бәріде соларға қосылды.

Марсельге бара жатқан Сенегалдық отбасы

Француздар Сенегалдан арахиспен алған, оған қоса, олар ел аумағынан алтын тапқан. 1885 жылы Сен-Луи-Дакар бірінші темір жолын құрған. 1909-1923 жылдары Дакардан көршілес Мали колониясына темір долын құрған.

Сенегалдың батысындағы 4 аудан тұрғындарына Франция азаматтығы құқығын берген, Франция парламентіне олардан 1 депутат сайланған (бірінші қара нәсілді депутат — Блез Диань (1914-1934 жылдары депутат болған). Ол Франция колония министрының орынбасарыда болған). Сол кезде бірнеше оқу орындары құрылған. Олар жергілікті халықтан колония әкімшіліктеріне жұмысшыларды дайндаған. Африка жұртынан Франция әскерінің бөлімшелері құрылған.

1895-1958 Сенегал Франция Батыс Африкасының құрамына кіреді. Оның астанасы болып 1902 жылы Дакар қаласы бекітіледі.

Тәуелсіздік кезеңі

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдегі ұлттық қозғалыстар көбейеді. 1958 жылдың 25 қарашасында Сенегал Франция Қоғамының өз өзін басқаратын республика болып жарияланады. 1960 жылы 4 сәуір күні Сенегал мен Француздық Судан бірігіп, Мали Федерациясын құрады. Бұл ел тәуелсіздікке ие болады: 4 сәуір күні келісімге қол қойылады, бірақ ресми түрде тек 1960 жылдың 20-сы маусым күні жарияланады. Содан кейін саяси конфликттердін нәтижесінде, сол жылдың 20 тамызында екігі бөлініп, Сенегал және Мали болып тәуелсіздіктерін жариялайды.

Сол кезден бастап, Сенегалда "африкандық социализм" құруы басталады. 1976 жылы Ата-заңға өзгеріс енгізіледі. Сол бойынша Сенегалда тек 3 партияның жұмысы заңды саналады. Олар: социал-демократиялық, либерал-демократиялық және марксист-лениндық. Бірақ оларға қоса елде бірнеше заңсыз партиялар жұмыс істеген — Тәуелсіздік және еңбек партиясы, Жаңа демократия үшін қозғалыс, Жұмысшылар Бірлестігі. 1980-ші жылдардың басында заңсыз партиялардың көбі заңды түрде ісін бастады.

1982 жылы Гамбиямен қосылып Сенегамбия конфедерациясын құрды. Бірақ одан ештене шықпай, 7 жылдан кейін сол мемлекет жоқ болды.

Елдің онтүстігінде сепаратистік топтар өз істерін жүргізіп келе жатыр.

Саяси жағдай

Абдулай Вад, Сенегалдың қазіргі президенті

Елбасы — президент — 5 жылға сайланады. Ол премьер-министрды тағайындайды. Премьер-министр министрлер кабинетін президент келісімімен құрады.Сенегал Парламенты бір палатыдан құрылған, ол Ұлттық Ассамблея деп аталады. Оның құрамына 120 сайланған депутат кіреді. 1976 жылдан бері елде бірнеше партия заңды түрде істейді. Олардың саны шектелмеген. Қазір Сенегалда 20 шақты партия бар.Сот жүйесі екі Жоғарғы соттан тұрады.

Ұлттық Ассамблея

Негізгі саяси партиялары — Сенегал демократиялық партия, Сенегал Социалистік партия, прогрессивтік күштер Альянсы, жұмысшылар партия қозғалысы, Африкандық демократия және социализм партиясы.

Сенегалдың бірінші президенті Леопольд Седар Сенгор (1960-1980 жж.). 1981 жылы оны Абду Диуф ауыстырған. 2000 жылдан бері Сенегал президенті Абдулай Вад.

Экономикасы

Табиғи ресурстар — мұнай, темір қазбалары, алтын.

Сенегал экономикасы аса дамыған емес, шеттен келетін гуманитарлық көмектен тәуелді. ЖІӨ жан басына шаққанда — 1600 доллар (195 орын). Халықтың жартысынан көбі кедейлік деңгейінен төмен тұрады. 2007 Жұмыссыздық 48 % жетті.

Жұмыс істеушілердің 75 % ауыл шаруашылығында істейді (ЖІӨ 14 %). Өнімдері — арахис, жүгері, күріш, мақта. Мал және құс ұстайды, балық шаруашылығы бар.

Сенегал балық аулаушысы

Индустрия секторында (ЖІӨ 23 %) ауыл және балық шаруашылығының өнімін өндіру. Фосфат, темір, цирконий және алтын қазбаларын өндіру.

Сенегалдың Париждегі Халықаралық Ауыл шаруашылығы көрмесіндегі орны (Париж, 2007)

Қызмет ету сферасы — ЖІӨ 63 %.

Экспорт — 2,1 млрд долл. (2008) — балық, арахис, фосфаттар, мақта.

Негізгі сатып алушылар — Мали 19,2 %, Үндістан 9,4 %, Франция 5,4 %, Гамбия 5,3 %, Италия 4,8 %.

Импорт — 4,3 млрд долл. (2008) — тамақ өнімі, өндіріс тауарлары, т.б.

Негізгі импорттаушы елдер — Франция 19,9 %, Ұлыбритания 15,3 %, Қытай 6,8 %, Бельгия 4,6 %, Таиланд 4,5 %, Нидерланд 4,1 %.

Білім беру

Ата заңның 21 және 22 баптары бойынша балалардың бәріде білім алуға құқығы бар. 16 жасқа дейінгі балалардың бәріде білім алуға міндетті.Сауатсыздық деңгейі жоғары, әсіресе, әйелдер арасында. 2002-2005 жылдары ЖІӨ-нің тек 5.4 %-ы білім беру саласына бөлінген.

Спорт

Париж-Дакар раллиі өтетін елдер

Спорт тарихында бұл елде ең жоғары сатыны аяқдопшылар алған. Олар 2002 жылғы Жапония және Кореядағы әлем чемпионатында шерек-финалға дейін жеткен. Бұл күтпеген жағдай болған. ФИФА рейтингінде 72 орында тұр. Дакар қаласында Париж-Дакар раллиінің мәресі орналасқан. Бірақ 2009 жылдан бастап бұл дода ланкестік шабуылдарға орай Онтүстік Америкаға көшірілген.

Дереккөздер