Семей облысы (Қазақстан)

 Басқа мағыналар үшін Семей облысы деген бетті қараңыз.

Семей облысыҚазақ КСР (1939-1991) және Қазақстан Республикасының (1991-1997) құрамында болған әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Семей қаласы.

Облыс
Семей облысы
Әкімшілігі
Кіреді

Қазақ КСР, Қазақстан

Енеді

15 аудан

Әкімшілік орталығы

Семей

Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы

Бозтаев Кешірім Бозтайұлы

Облыс әкімі

Жақиянов Ғалымжан Баділжанұлы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

14 қазан 1939

Таратылған уақыты

3 мамыр 1997

Жер аумағы

179 600 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

838 324 адам (1989)

Семей облысы картада

Тарихы

1959 жылғы Қазақ КСР-нің әкімшілік бөліністер картасы

Ресей империясының Семей облысы 1854 жылы құрылды. 1920 жылы облыс Семей губерниясы болып қайта құрылды. Кейін Қазақ КСР құрамында 1939 жылы облыс құрылған кезде оның құрамына Семей қаласы мен Абыралы, Ақсуат, Аягөз, Белағаш, Жаңасемей, Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Жаңа Шүлбі, Үржар, Шыңғыстау, Шұбартау аудандары кірді.

1939 жылдың соңында Шар ауданы құрылды.

1940 жылы Шыңғыстау ауданы Абай (орыс. Абаев) ауданы болып өзгертілді.

1944 жылы Белағаш ауданы Бородулиха болып өзгертілді. Жаңа Покров ауданы құрылды.

1953 жылы Абаев ауданы Абай болып өзгертілді.

1955 жылы Абыралы ауданы таратылды.

1957 жылы Жаңасемей ауданы таратылды.

1959 жылы Бесқарағай ауданы Павлодар облысынан Семей облысына берілді.

1962 жылы Бородулиха ауданы таратылды.

1963 жылы бұрынғы аудандардың орнына Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар ауылдық аудандары құрылды. Шар өндірістік ауданы да құрылды. Аягөз облыстық бағыныстағы қалаға айналды.

1964 жылы Шар өндірістік ауданы таратылды. Ақсуат және Шұбартау аудандары құрылды.

1966 жылы Жаңасемей ауданы, 1969 жылы Мақаншы ауданы, 1970 жылы Жаңа Шүлбі ауданы, 1972 жылы Шар ауданы, 1980 жылы Таскескен ауданы, 1990 жылы Абыралы ауданы құрылды.

1996 жылы Жаңасемей және Таскескен аудандары таратылды.

1997 жылы Жаңа Шүлбі ауданы таратылды.

1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, оның бүкіл аумағы Шығыс Қазақстан облысына берілді[1].

Халқы

Халқы 757 мың (1975).

Әкімшілік бөлінуі

1959 жылғы Қазақ КСР-нің әкімшілік бөліністер картасы

1989 жылы Семей облысының құрамына 1 облыстық бағыныстағы Семей қаласы мен 14 аудан кірді:

АуданОрталығыТұрғындары
(1989), адам
1Семей қалалық кеңесіСемей335 112
2АбайҚарауыл27 080
3АқсуатАқсуат33 100
4АягөзАягөз68 117
5БесқарағайҮлкен Владимировка32 959
6БородулихаБородулиха38 609
7ЖаңасемейСемей40 716
8ЖармаГеоргиевка42 786
9КөкпектіКөкпекті32 808
10МақаншыМақаншы43 141
11Жаңа ШүлбіЖаңа Шүлбі16 977
12ТаскескенТаскескен32 065
13ҮржарҮржар45 564
14ШарШар31 812
15ШұбартауБаршатас17 478
  1. Кешірім Бозтаев (ең бірінші)
    Найман, Қаракерей, Сыбан
  2. Ғалымжан Баділжанұлы Жақиянов (1995—1997) Найман, Терістаңбалы
  3. Виталий Леонидович Метте (наурыз — 17 сәуір 1997)
  4. Вячеслав Федорович Чернов[2] (1992—1995)

Тағы қараңыз

  • Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитеті

Дереккөздер