Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев (15 ақпан 1938, Қызылорда29 қыркүйек 1994, Алматы) – кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).

Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

Шығармашылығы

1966 жылы Мәскеуде Манежде жас суретшілердің Бүкілодақтық көрмесі ашылып, оған қазақ суретшілері де қатысты. Ол Қазақстандағы заманауи өнердің қалыптасуының негізгі бастау нүктесі болды. Қазақ суретшісі, график, алпысыншы жылдардағы суретшілер тобының сөзсіз жетекшісі Салихитдин Айтбаевтың «Бақыт» картинасы қазақ шығармашылығының нағыз жаңалығы мен жарқын үлгісі болды.

Айтбаевтың алғашқы кескіндемелік шығармаларынан шығыс миниатюрасының әсері байқалады. Ұлттық салт-дәстүр рухымен іштей үйлесім тапқан:

  • «Шопандар демалысы» (1962)
  • «Бақыт» (1966)
  • «Жас қазақтар» (1968)
  • «Қонақ келді» (1969) картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкелді.
  • «Ә.Әлімжанов» (1970)
  • «Ана» (1973)
  • «Әке»
  • «Шопан» (екеуі де 1974)
  • «Абай» (1994) портреттерін салды.

Марапаттары

  • 1966 ж. оған «Менің Отаным» атты суреттер топтамасы үшін Қазақстан Республикасының Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

Айтбаевтың кескіндемелік және график. туындылары ҚР-ның Мемлекет бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы.[1][2]

Дереккөздер