Ронни Йонсен

Йон Ронни Йонсен (норв. Jean Ronny Johnsen; 10 маусым 1969 жыл[1], Саннефьорд, Норвегия) — норвегиялық футболшы, қорғаушы. 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Ронни Йонсен Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 маусым 1969 (1969-06-10) (55 жас)

Азаматтығы

 Норвегия

Бойы

188

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1992—1993Норвегия Люн31 (7)
1994—1995Норвегия Лиллестрём СК23 (4)
1995—1996Түркия Бешикташ22 (1)
1996—2002Англия Манчестер Юнайтед99 (7)
2002—2004Англия Астон Вилла49 (1)
2004—2005Англия Ньюкасл Юнайтед3 (0)
2005—2008Норвегия Волеренга65 (6)
1992—2008Бары292 (26)
Ұлттық құрамы[* 2]
1991—2007 Норвегия62 (3)

Карьерасы

Карьерасын Норвегияның төменгі лигаларындағы "Стоке", "Эйк-Тенсберг" секілді клубтарда бастап, 1991 жылы жоғары лигадағы "Люн" клубына ауысты. 1994 жылы "Лиллестрем" футболшысы атанды, ал 1995 жылы "Бешикташ" қатарын толықтырды.

1996 жылы "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Англиялық клуб сапында бірінші маусымда-ақ Англия чемпионатын ұтып алды, тұңғыш голын 1997 жылы тамыз айында Англия суперкубогында "Челси" қақпасына соқты.

"Манчестер Юнайтед" сапында 2002 жылдың жазына дейін ойнап, төрт рет Англия чемпионы, бір рет Англия кубогы иегері, бір рет Құрлықаралық кубок және Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды.

1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты, ал 2000 жылғы Еуропа чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмады.

2002 жылы "Астон Виллаға", 2004 жылы "Ньюкасл Юнайтедке" ауысты. Карьерасының соңғы жылдарында "Волеренга" клубында ойнады.

Жетістіктері

Манчестер Юнайтед

  • Англия чемпионы (4): 1996/97, 1998/99, 1999/00, 2000/01
  • Англия кубогы: 1998/99
  • Англия суперкубогы: 1997
  • Чемпиондар лигасы: 1998/99
  • Құрлықаралық кубок: 1999

Волеренга

  • Норвегия чемпионы: 2005
  • Норвегия кубогы: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер