Роберто Фирмино

Роберто Фирмино Барбоза де Оливейра (порт. Roberto Firmino Barbosa de Oliveira; 1991 жылы 2 қазанда туған, Масейо, Бразилия) — бразилиялық футболшы, "Әл-Ахли" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы.

Роберто Фирмино Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Роберто Фирмино Барбоза де Оливейра

Туған күні

2 қазан 1991 (1991-10-02) (32 жас)

Туған жері

Масейо, Бразилия

Азаматтығы

 Бразилия

Бойы

181 см

Позиция

шабуылшы, жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Әл-Ахли

Номері

10

Жастар клубы
2004—2008Бразилия КРБ
2008—2011Бразилия Фигейренсе
Клуб карьерасы[* 1]
2009—2011Бразилия Фигейренсе38 (8)
2011—2015Германия Хоффенхайм140 (38)
2015—2023Англия Ливерпуль256 (82)
2023—Сауд Арабиясы Әл-Ахли1 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014— Бразилия55 (17)
Марапаттары мен медальдары
Америка Кубогы
АлтынБразилия 2019
КүмісБразилия 2021

Карьерасы

Клубтық

"Фигейренседе" біраз жыл ойнап, 2011 жылы Еуропаға келді. Германияның "Хоффенхайм" клубындағы алғашқы матчын 2011 жылы 24 ақпанда "Майнцқа" қарсы өткізді. Маусымның соңына дейін Фирмино үш гол соқты.

2015 жылы 24 маусымда ресми түрде "Ливерпуль" футболшысына айналды. Клубтағы алғашқы голын сол жылдың 21 қарашасында "Манчестер Сити" қақпасына енгізді. Фирминоның ойыны ұнаған "Ливерпуль" фанаттары оған Бобби деп ат қойып алған. Футбошының өзі бұл жаңа есімнің өзіне керемет ұнайтынын бірнеше мәлімдеді.

Ұлттық құрама

Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын 2014 жылы 12 қараша күні Түркия құрамасына қарсы өткізді[1]. Алғашқы голын алты күн өткен соң Аустрияның қақпасына енгізді[2].

Жетістіктері

Дереккөздер

Cілтемелер