Рене ван де Керкхоф

Рейнир (Рене) Ламбертус ван де Керкхоф (нидер. Reinier "René" Lambertus van de Kerkhof; 16 қыркүйек 1951 жыл, Хелмонд, Нидерланд) — нидерланд футболшысы, жартылай қорғаушы. 1970-80 жылдары құраманың мықты футболшыларының бірі болған. Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

Рене ван де Керкхоф Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Рейнир Ламбертус ван де Керкхоф

Туған күні

16 қыркүйек 1951 (1951-09-16) (72 жас)

Туған жері

Хелмонд, Нидерланд

Азаматтығы

Нидерланд

Бойы

182

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1960—1970Нидерланд Муло
1970Нидерланд Твенте
Клуб карьерасы[* 1]
1970—1973Нидерланд Твенте99 (34)
1973—1983Нидерланд ПСВ278 (85)
1983—1984Грекия Аполлон Смирнис23 (3)
1984—1985Гонконг Сейко? (?)
1985—1987Нидерланд Хелмонд Спорт61 (8)
1988—1989Нидерланд Эйндховен30 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
1973—1982 Нидерланд47 (5)

Нидерландылық тағы бір футболшы — Вили ван де Керкхофтың сыңары. 2004 жылы Вили екеуін әйгілі Пеле әлемдегі танымал 125 футболшының тізіміне қосты.

Жетістіктері

Командалық

Ұлттық құрама
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1974, 1978
  • Еурораның қола жүлдегері: 1976
«Твенте»
  • Нидерландының күміс жүлдегері (2): 1972, 1973
ПСВ
  • Нидерланд чемпионы (3): 1975, 1976, 1978
  • Нидерландының күміс жүлдегері (2): 1977, 1982
  • Нидерландының қола жүлдегері (3): 1979, 1980, 1983
  • Нидерланд кубогы (2): 1974, 1976
  • УЕФА кубогы: 1977/78

Жеке

  • "Алтын доп" номинанты (2): 1978, 1979
  • ФИФА 100

Сілтемелер