Резервтік (түбегейлі) валюта

Резервтік (түбегейлі) валюта - тар мағынада - басқа мемлекеттердің орталық банктері халықаралық есеп айырысу үшін ақша қаражатын жинап, сақтайтын елдің валютасы; кең мағынада - жетекші мемлекеттердің ұлттық несиелік қаражаты. Ол халықаралық есеп айырысуға байланысты қызмет көрсету үшін пайдаланылады (сыртқы сауда айналымы, капиталдардың қозғалысы, бағаларды белгілеу); резервтегі валюта мемлекеттік кәсіпорындардың, жеке және заңды тұлғалардың халықаралық төлем қаражатының құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталардың бағамдарын көрсету үшін негіз ретінде, сондай-ақ валюта бағамдарын көтермелеу жөніндегі операцияларда валюталық интервенция құралы ретінде пайдаланылады.[1]

Дереккөздер