Реал Мадрид

Испандық футбол клубы
(Реал Мадрид (футбол клубы) бетінен бағытталды)

Реал Мадрид (ис. Real Madrid Club de Fútbol) — Испанияның футбол клубы, ФИФА көрсеткіштері бойынша XX ғасырдың ең үздік клубы. «Deloitte» ұйымының көрсеткіштеріне сәйкес Реал әлемдегі ең көп қаражатты клуб болып табылады. «Реал Мадрид» — Испанияның футбол Чемпионатының жоғарғы дивизионынан ешқашан шығып кетпеген 3 клубтың бірі. Қалған екеуі «Барселона» мен «Атлетик Бильбао».

Испания Реал Мадрид
Толық атауы

Real Madrid Club de Fútbol

Лақап аттары

Los Galácticos (Галактикос)
Los Merengues (Кілегейлілер)
Los Blancos (Ақтар)

Құрылған жылы

6 наурыз 1902

Стадионы

«Сантьяго Бернабеу»

Сыйымдылығы

81 044[1]

Президенті

Испания Флорентино Перес

Бас жаттықтырушы

Италия Карло Анчелотти

Капитаны

Испания Начо Фернандес

Рейтингі

УЕФА рейтингінде 3-ші орын

Демеушісі

Fly Emirates

Сайты

realmadrid.com

Жарыс

Ла Лига

2023/24

Чемпион

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік

1902 жылы негізі қаланған сәттен бастап, Мадрид футбол клубы ақ форманы қабылдады. 1920 жылы Альфонс XIII патшасы жарлығымен клуб корольдік деп, эмбеламада королдік тәжді қоюды бұйырды. Команда 85,454-адамға дейін сиятын — Сантьяго Бернабеу стадионында өз алаңындағы ойындарын өткізеді.

Клуб € 3.24 млрд ($ 3,65 млрд) құнымен әлемдегі ең маңызды спорттық тобы және ең жоғары табыс әкелетін (€ 577 млн жылдық түсім) болып келеді. Клуб ұзақ уақыт бойы көптеген командалармен бәсекелеседі. Олардың ішінде Эль Классико"Барселонаға" және Мадрид дербиі — "Атлетико Мадридке" қарсы.

Тарихы

Құрылуы

1896-ші жылы кейіннен аты Реалға ауыстырылған «Футбол скай» клубы ашылды. Алайда ресми түрде Реалдың тарихы 1902 жылдың 6 наурызында Падрос және Хулиан Паласиостардың ашқан Madrid Football Club атты клубынан басталады. 1920 жылдың 29 маусымында Испания патшасы Альфонс XIII клубқа Патшалық деген атақ берді, ал испанша патшалық деген Real деп аталады. Осыдан клубтың қазіргі аты — Real Madrid.

Құрылған күнінен бастап-ақ, клуб испандық футболдың көшбасшыларының қатарына ілікті: 1903 жылдың өзінде Испания кубогының финалына шығып, «Бильбаолық Атлетик клубынан» ұтылды. 1905-ші жылы Реал ақыры кубокты алып, кейін 4 жыл қатарынан жеңіп алды. Испания Чемпионаты тек 1928 жылдан бастап өткізілді, ал оған дейін клуб округтік сайыстарға ғана қатысатын, осы уақыт арасында Реал бұл сайысты 16 рет ұтып алды.

Өркендеу

«Реал Мадрид», 1905 жыл

Өткен жүз жылдықтың 50-шi жылдарының ортасында Еуропада футболдан континенттік федерация құруға шешім қабылданады, федерацияға клубаралық және ұлттық құрамалар араларындағы тұрақты сайыстарды ұйымдастыру жұмыстары жүктелді. Ол кезде мадридтік «Реал» Испаниядағы басты авторитет болған емес, соған қарамастан «Реал» 1954/55 жылдардағы біріншілікті жеңіп, Еуропа чемпиондарының кубогында бірінші испандық делегат болады. Сол кезден бастап «Реал» еуропалық жоғары сатыда 5 жылға тұрақталады. Халықаралық аренадағы жетістіктерге ішкі чемпионаттағы жеңістер де қосылды, 1954-1969 жылдар аралығында олардың саны 12-ге жетті. 15 жылға орай мадридтіктер испан біріншілігінде жеңілсе де, міндетті түрде Чемпиондар Кубогын жеңетін.

Сөйтіп, олар 15 жыл қатар еуропалық ең престижді турниріне қатысқан, тек 1970 жылы ғана алғаш рет енбей қалады. Сол алтын дәуірде «Реалда» аргентиндық Альфредо Ди Стефано (1957 және 1959 жылдың үздік футболшысы), француз Раймон Копа (1958 жылғы "Алтын Доп" иегері), венгр Ференц Пушкаш (1960 жылғы Еуропаның екінші футболшысы), Франсиско Хенто (Чемпиондар Кубогының алты мәрте иегері) өте жарқын ойын көрсетеді. 60 жылдардың ортасында Хентомен бірге Хосе Сантамария, Амансио, Пирри ойнайтын.

Біртіндеп ардагерлер кету салдарынан, Еуропадағы жеңіс дәстүрлері жоғала бастайды. Эмилио Бутрагеньо бастаған жаңа буын келгенше, келесі самғауды 20 жылға жуық уақыт күтуге тура келді. Оның жақын сыбайластары Мичел, Уго Санчес, Маноло Санчис, Мартин Васкес және Мигель Пардеса болды. Олар екі УЕФА Кубогын және қатарымен бес чемпионатты ұтып алады.

Ғасырлар тоғысы мен жаңа ғасырда

1998 жылы клуб араға 32 жыл салып Юпп Хайнкестің басшылығымен УЕФА чемпиондар Лигасын ұтып алды. 2000 жылы Чемпиондар лигасы тарихындағы тұңғыш испандық финалда "Валенсияны" ұтып, сегізінші рет турнирде топ жарды. Сол жылы жазда өздерінің бітіспес қарсыласы "Барселонадан" 56 млн долларға Луиш Фигуды сатып алды. 2001 жылы Зинедин Зидан, 2002 жылы Роналдо, 2003 жылы Дэвид Бекхэм, 2004 жылы Майкл Оуэн секілді жұлдыздар клубқа келіп қосылды.

2002 жылы "Байерді" финалда 2:1 есебімен ұтып, Чемпиондар лигасын тағы да жеңгенімен, келесі маусымдарда клуб күшеюдің орнына әлсірей бастады, 2003, 2004 жылдары осы турнирдің ширек финалында сүрінді, сосын қатарынан жеті маусым 1/8 финалдан аса алмады.

2009 жылы екі ірі трансфер жасады: 93 млн долларға португалиялық Криштиану Роналду, 68 млн. долларға бразилиялық Каканы сатып алды. Онымен клуб бәрібір күшеймеді, 2009/10 жылғы Чемпиондар лигасында 1/8 финалда "Олимпик Лионнан" ұтылып қалды. 2010 жылы клуб тізгінін Жозе Моуриньо ұстады, бірақ 2010/11 жылғы маусымның күзінде Эль Класикода "Барселонадан" 0:5 есебімен ұтылды. Ал Чемпиондар Лигасының жартылай финалында (араға сегіз жыл салып жартылай финалға шықты) тағы "Барселонадан" ұтылды (үйде 0:2, сыртта 1:1).

2013 жылы клубтан Моуриньо кетті де, орнына Карло Анчелотти келді. 2013/14 жылғы маусымда финалда "Барселонаны" ұтып, Испания кубогын, "Атлетико Мадридті" тізе бүктіріп, Чемпиондар лигасында топ жарды. 2015 жылы бәрібір клубтың сүреңсіз нәтижелерінен соң Анчелотти де кетті, орнына келген Рафаэль Бенитес те команданы бір ізге түсіре алмады. 2016 жылдың басында француз Зинедин Зидан уақытша бапкер болды да, клубтың алтын дәуірі басталды. 2016-18 жылдар аралығында Зидан жаттықтырған клуб қатарынан үш рет Чемпиондар кубогында, қатарынан екі жыл УЕФА суперкубогында, Клубтар арасындағы әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды.

2018 жылы қатарынан үшінші жыл Чемпиондар лигасын ұтқан соң Зидан өз еркімен бапкерліктен кетті. Сол жылы шілде айында Роналду "Ювентуске" ауысты да, кеткен бапкер мен шабуылшының орны анық білініп, 2018/19 жылы Испания чемпионатында 3-орында қалды, ал Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Аяякстен" өз алаңында 1:4 есебімен оңбай ұтылды. 2018 жылдың жазы мен 2019-дың көктеміне дейін клуб үш рет бапкер ауыстырды (Хулен Лопетеги, Сантьяго Солари, сосын 2018 жылы наурызда қайта оралған Зидан), бәрібір 2018/19 жылғы маусымды ешқандай жүлдесіз ақтады.

Логотиптері

Форманың өзгеруі

 
1902
 
1911
 
1914
 
1925
 
1926
 
1931
 
1941
 
1954
 
1955
 
1980
 
1982
 
1984
 
1986
 
1989
 
1990
 
1992
 
1993
 
1994
 
1996
 
1997
 
1998
 
2000
 
2001
 
2002
 
2003
 
2004
 
2005
 
2006
 
2007
 
2008
 
2009
 
2010
 
2011
 
2012
 
2013
 
2014
 
2015
 
2016
 
2017
 
2018
 
2019
 
2020

Стадион

Басты мақала: Сантьяго Бернабеу
«Сантьяго Бернабеу» стадионы ішінде
«Сантьяго Бернабеу» батыс фасады

Стадион «Сантьяго Бернабеу» деп 1943-1975 жылдар аралығындағы «Реал Мадрид» президенті атымен аталды. Бернабеу жаңа стадион құрылысының бастаушысы болды. Құрылыс 3 жылға созылды. Ашушы ойын португалдық "Белененсиш" клубына қарсы достық ойынымен өтті, кездесу 1947 жылдың 14 желтоқсанында өтіп, Реал 3-1 есебімен жеңіске жетті.

1950 жылдарда Реалдың Еуропа чемпиондары Кубогында жақсы ойынының әсерінен, клубтың қаражаты өсіп, стадион сыйымдылығын 12500 орынға көбейтуге мүмкіндік туды. Ғимарат өзінің ақ мұнараларымен әйгілі. 1955 жылы стадион «Сантьяго Бернабеу» атанды, ал 1957 жылы Еуропа чемпиондары Кубогының финалында, әлемде бірінші рет болып жасанды прожекторлар іске қосылды.

1978 жылы қайтыс болған Сантьяго Бернабеу, Мадрид солтүстігінде жаңа стадион салуды ойластырып жүрген, бірақ ол жүзеге аспады. Алайда 1982 жылғы Әлем чемпионатына «Сантьяго Бернабеу» реконструкциядан өтті. Реконструкциядан кейін отырып көретін 30200 орын және тұрып көретін галереялар қосылды. Толығымен 60000 адам футболды тамашалай алатын. Стадион турнирдың 3 группалық ойынының және финалды қосқанда 345000 көрерменді қарсы алды. Он жыл өтті: реконструкция жалғасып жатты. Трибунаның үшінші қабаты салынып бітті. Отырып көретін орын 65000-ге өсіп, жалпы сыйымдылық 105000 орынға өсті. Тағы бір реконструкциядан кейін стадион одан ары жайлы болып, бірақ сыйымдылық 74871 көрерменге азайды.

«Бернабеуде» 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалы және 2012 жлы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өтті. 2007 жылдың 14 қарашасында «Бернабеуге» дегдарлы УЕФА футбол стадионы атағы берілді.

  • Мекен-жайы — Concha Espina, 1 28036 Madrid.

Сайыстарғы қатысу статистикасы

2008 (2011) жылдарғы сәйкес информация

Испания чемпионаты

Мадридтік «Реал» «Барселона» және «Атлетик Бильбаомен» қатар Футболдан Испания чемпионатының барлық 80 маусымында өнер көрсетті.32 рет бірінші болды, 20 рет - екінші, 7 рет - үшінші, бәрін қоса 59 рет жүлдегер атанды. 8 рет тұғырға бір қадам жетпеді, бесінші болып 3 рет, алтыншы болып - 4 рет, жетінші болып - 2 рет, сегізінші болып - 1 рет, тоғызыншы болып - 2 рет, оныншы болып - 1 рет, он бірінші болып - 1 рет (1948 жылы) келді.

Еурокубоктер

КубокҚатыстыОйынЖеңдіТенЖеңілісДоп
УЕФА Чемпиондар лигасы423401975984767-383
Кубоктер кубогы431169657-24
УЕФА Кубогі964331021111-75
Барлығы ақпарат 2011 жылдың қарашасына сәйкес5543524578111935-482

Жетістіктері

Ұлттық

  • Испания чемпионы: 35 (рекорд)
    • 1931/32, 1932/33, 1953/54, 1954/55, 1956/57, 1957/58, 1960/61, 1961/62, 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1966/67, 1967/68, 1968/69, 1971/72, 1974/75, 1975/76, 1977/78, 1978/79, 1979/80, 1985/86, 1986/87, 1987/88, 1988/89, 1989/90, 1994/95, 1996/97, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2011/12, 2016/17, 2019/20, 2021/22
  • Испания Кубогы: 20
    • 1905; 1906; 1907; 1908; 1917; 1934; 1936; 1946; 1947; 1961/62; 1969/70; 1973/74; 1974/75; 1979/80; 1981/82; 1988/89; 1992/93; 2010/11; 2013/14, 2022/23
  • Испания Суперкубогы: 12
    • 1988; 1989; 1990; 1993; 1997; 2001; 2003; 2008; 2012; 2017; 2019/20; 2021/22
  • Испанияның Лига Кубогы: 1
    • 1984/85
  • Эва Дуарте кубогы: 1
    • 1947
  • Аудандық Чемпионат/Манкомунадо трофейі: 23
    • 1904-05, 1905-06, 1906-07, 1907-08, 1909-10, 1912-13, 1915-16, 1916-17, 1917-18, 1919-20, 1921-22, 1922-23, 1923-24, 1925-26, 1926-27, 1928-29, 1929-30, 1930-31, 1931-32, 1932-33, 1933-34, 1934-35, 1935-36

Халықаралық

  • 2014, 2016, 2017, 2018
  • Латин кубогы: 2
    • 1955, 1957
  • Иберо-американдық кубок: 1
    • 1994
  • Франц Беккенбауэр Кубогы: 1
    • 2010
  • Кіші Әлем Кубогы: 2
    • 1952, 1956
  • Сантьяго Бернабеу кубогы: 24
    • 1981, 1983, 1984, 1985, 1987, 1989, 1991, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2003, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013,2015
Ізашары:
'
Чемпиондар Лигасы
1955–1960
5 рет қатарынан жеңді
Ізбасары:
Бенфика
Ізашары:
Интер
Чемпиондар Лигасы
1965–1966
Ізбасары:
Селтик
Ізашары:
Боруссия Дортмунд
Чемпиондар Лигасы
1997–1998
Ізбасары:
Манчестер Юнайтед
Ізашары:
Манчестер Юнайтед
Чемпиондар Лигасы
1999–2000
Ізбасары:
Бавария
Ізашары:
Бавария
Чемпиондар Лигасы
2001–2002
Ізбасары:
Милан

Қазіргі ағымдағы құрам

2021/2022

21 тамыз 2021[2]

No.ПозицияОйыншы
1 GKТибо Куртуа
2 DFДаниэль Карвахаль
3 DFЭдер Милитан
4 DFДавид Алаба
6 DFХосе Игнасио Начо
7 FWЭден Азар
8 MFТони Кроос
9 FWКәрім Бензема (вице-капитан)
10 MFЛука Модрич
11 FWМарко Асенсио
12 DFМарсело Виейра (капитан)
13 GKАндрей Лунин
14 MFКаземиро
No.ПозицияОйыншы
15 MFФедерико Вальверде
16 FWЛука Йович
17 FWЛукас Васкес
18 FWГарет Бэйл
19 FWАльваро Одриосола
20 FWВинисиус Жуниор
21 FWРодриго
22 MFИско
23 DFФерлан Менди
24 FWМариано Диас
DFХесус Вальехо
MFДани Себальос

Атақты футболшылары

Тұлғалар

Мадридтік «Реалдың» капитандары

Рауль Гонсалес - «Реал» аңызы
ОйыншыМансапКапитан
Хосе Игнасио Начо2011 — қ.у2023 —
Кәрім Бензема2009 — 20232022 — 2023
Марсело Виейра2007 — 20222021 — 2022
Серхио Рамос2005 — 20212015 — 2021
Икер Касильяс1998 — 20152010 — 2015
Рауль Гонсалес1994 — 20102003 — 2010
Фернандо Йерро1989 — 20032001 — 2003
Мануэль Санчис1983 — 20011993 — 2001
Чендо1979 — 19981989 — 1993
Хосе Антонио Камачо1973 — 19891988 — 1989
Карлос Сантильяна1971 — 19881986 — 1988
Пирри1964 — 19791976 — 1979
Амансио1962 — 19761971 — 1976
Франсиско Хенто1953 — 19711961 — 1971
«Реал Мадрид» бас бапкері Жозе Моуринью

Менеджмент

Клуб президенті - Флорентино Перес
Қызмет-Президент Флорентино Перес
Ғұмырлық құрметті президент Альфредо ди Стефано
Бірінші вице-президент Фернандо Фернандес Тапиас
Екінші вице-президент Эдуардо Фернандес де Блас
Кеңес хатшысы Энрике Санчес Гонсалес
Бас директор Хосе Анхель Санчес
Президентік офис директоры Мануэль Редондо
Әлеуметтік ая директоры Хосе Луис Санчес [3]

Президенттер тізімі

УақытПрезидент
2009— Флорентино Перес
2006—2009 Рамон Кальдерон
2000—2006 Флорентино Перес
1995—2000 Лоренсо Санс<ref>
1985—1995 Рамон Мендоса
1978—1985 Луис де Карлос
1943—1978 Сантьяго Бернабеу
1940—1943 Антонио Сантос Перальба
1936—1940 Адольфо Мелендес
1930—1935 Луис Усера
1926—1930 Луис де Уркильхо
1916—1926 Педро Парахес
1908—1916 Адольфо Мелендес
1904—1908 Карлос Падрос
1902—1904 Хуан Падрос

Бас бапкерлер

  • Артур Джонсон (1910—1920)
  • Хуан де Карсер (1920—1926)
  • Педро Льоренте (1926)
  • Сантьяго Бернабеу (1926—1927)
  • Хосе Берраондо (1927—1929)
  • Хосе Киранте (1929—1930)
  • Липпо Херцка (1930—1932)
  • Роберт Фирст (1932—1934)
  • Франсиско Бру (1934—1941)
  • Хуан Армет (1941—1943)
  • Рамон Энсинас (1943—1945)
  • Хасинто Кинкосес (1945—1946, 1947—1948)
  • Бальтасар Альбенис (1946—1947, 1950—1951)
  • Майкл Кипинг (1948—1950)
  • Эктор Скароне (1951—1952)
  • Хуан Антонио Ипинья (1952—1953)
  • Энрике Фернандес (1953—1954)
  • Хосе Вильялонга (1954—1957)
  • Луис Карниглия (1957—1959; 1959)
  • Мигель Муньос (1959; 1960—1974)
  • Мануэль Флейтас (1959—1960)
  • Луис Моловни (1974; 1977—1979; 1982; 1985—1986)
  • Милян Милянич (1974—1977)
  • Вуядин Бошков (1979—1982)
  • Альфредо Ди Стефано (1982—1984; 1990—1991)
  • Амаро Амансио (1984—1985)
  • Лео Беенхаккер (1986—1989; 1992)
  • Джон Тошак (1989—1990; 1999)
  • Радомир Антич (1991—1992)
  • Бенито Флоро (1992—1994)
  • Висенте Дель Боске (1994; 1996; 1999—2003)
  • Хорхе Вальдано (1994—1996)
  • Арсенио Иглесиас (1996)
  • Фабио Капелло (1996—1997; 2006—2007)
  • Юпп Хайнкес (1997—1998)
  • Гус Хиддинк (1998—1999)
  • Карлуш Кейруш (2003—2004)
  • Хосе Антонио Камачо (2004)
  • Мариано Гарсия Ремон (2004)
  • Вандерлей Лушембурго (2004—2005)
  • Хуан Рамон Лопес Каро (2005—2006)
  • Бернд Шустер (2007—2008)
  • Хуанде Рамос (2008—2009)
  • Мануэль Пельегрини (2009—2010)
  • Жозе Моуринью (2010—2013)
  • Карло Анчелотти (2013—2015, 2021-қ.у)
  • Рафаэль Бенитес (2015—2016)
  • Зинедин Зидан (2016 — 2018, 2019—2021)
  • Хулен Лопетеги (2018)
  • Сантьяго Солари (2018—2019)

Сілтемелер

Дереккөздер