Рахмон Нәбиұлы Нәбиев

Тәжікстанның 2-Президенті, саясаткер, дипломат

Рахмон Нәбиұлы Нәбиев[1][2] (тәж. Раҳмон Набиевич Набиев) — кеңестік және тәжікстандық саясаткер, дипломат, инженер, 1982 жылдан 1985 жылға дейін Тәжікстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы және 1991 жылдың 23 қыркүйегінен 1991 жылдың 6 қазанына дейін және 1991 жылдың 2 желтоқсанынан 1992 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Тәжікстанның 2-президенті.[3]

Рахмон Нәбиұлы Нәбиев
тәж. Раҳмон Набиевич Набиев
Рахмон Нәбиұлы Нәбиев
Нәбиев 1991 жылы
Лауазымы
Ту
Ту
Тәжікстанның 2-президенті
Ту
Ту
2 желтоқсан 1991 — 7 қыркүйек 1992
Вице-президентНарзулло Дустов
Премьер-МинистрАкбар Мирзоев
ІзашарыАкбаршо Искандаров (м.о.)
өзі
ІзбасарыАкбаршо Искандаров (м.о.)
Эмомали Рахмон
23 қыркүйек 1991 — 6 қазан 1991
ІзашарыҚадриддин Аслонов (м.о.)
Қаһһор Маһкамов
ІзбасарыАкбаршо Искандаров (м.о.)
өзі
Ту
Ту
Тәжікстан Коммунистік партиясының төрағасы
Ту
Ту
1983 — 1985
ІзашарыДжабар Расулов
ІзбасарыҚаһһор Маһкамов
Өмірбаяны
ПартиясыКОКП (1961–1991)
ТКП (1991–1993)
Білімі1) Ленинабад ауыл шаруашылығы техникумы
2) Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты
Дініислам[дереккөзі?]
Дүниеге келуі5 қазан 1930 (1930-10-05)
Ленинабад, Тәжік КСР, КСРО
Қайтыс болуы11 сәуір 1993 (1993-04-11) (62 жас)
Хожант, Ленинабад облысы, Тәжікстан
ЖұбайыМәйрам Саидуллоқызы Нәбиева
Балалары2 ұлы (Рустам мен Рашид) және 1 қызы (Мунаввара)
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары1991–1992
Құрамында болды Тәжікстан
Атағыгенерал-полковник
БасқардыТәжікстан Қарулы Күштері (1991–1992)
ШайқасыТәжікстандағы азаматтық соғыс
МарапаттарыЛенин орденіҚазан төңкерісі орденіЕңбек Қызыл Туы орденіЕңбек Қызыл Туы орденіЕңбек Қызыл Туы ордені
Рахмон Нәбиұлы Нәбиев Ортаққорда

Нәбиев билікке 1982 жылы Тәжікстан Компартиясының бірінші хатшысы болып келді. 1985 жылы ол сыбайлас жемқорлық айыптарымен биліктен қуылды. Тәжікстан 1991 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Нәбиев 23 қыркүйекте билікке қайта оралды, бірақ президенттік науқан кезінде қызметінен кетуіне қысым күшейгендіктен 6 қазанда отставкаға кетті. Нәбиев сайлауда жеңіске жетіп, 1991 жылы 2 желтоқсанда Тәжікстанның тұңғыш сайланған президенті болды.

Сайлаудың демократиялықтығына сенімсіз болған оппозиция 1992 жылы мамырда азаматтық соғысқа ұласып кеткен көше шерулерін ұйымдастырды. 1992 жылдың 7 қыркүйегінде Нәбиев пен оның қасындағылар Душанбе әуежайына бара жатқанда оппозициялық күштердің шабуылына ұшырады. Қару астында болған Нәбиев терминалда отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүр болды.

1992 жылдың желтоқсанында Куляб облысының бұрынғы аппаратшысы және жартылай әскерилендірілген көшбасшы Эмомали Рахмон билікке келді. Жарты жылдан кейін, 1993 жылы 11 сәуірде Нәбиев қайтыс болды. Рахмон Нәбиев өлімінің себебі әлі де белгісіз. Ресми түрде ол жүрек талмасынан қайтыс болды, бірақ оқиғаның басқа нұсқаларында ол өзін атып өлтірді немесе өлтірілді. Оның жанұясы, соның ішінде қызы Мунаввара Нәбиева оның өлімінің ресми нұсқасына күмән келтірді.[4]

Жеке өмірі

Нәбиевтің әйелі Майрам Нәбиева 2017 жылы үйдегі өрттен қайтыс болды. Рахмон мен Майрамның үш баласы: екі ұлдары Рашид пен Рустам және бір қызы Мунаввара. Үлкен ұлы Рашид 1997 жылы белгісіз себептен қайтыс болды және басқа ұлы Рустам 2022 жылы аурудан қайтыс болды. Қызы Мунаввара Душанбеде тұрады.

Рахмон Набиев футболды жақсы көретін және ЦСКА-Памир клубының жанкүйері болған. Тәжік тілінен басқа ол орыс, өзбек тілдерін жетік меңгерген, парсы, дари тілдерін аздап түсініп, сөйлейтін.[5]

Дереккөздер