Расмус Кристенсен

Расмус Ниссен Кристенсен (дат. Rasmus Nissen Kristensen; 11 шілде 1997 жыл[1], Бранде, Дания) — даниялық футболшы, "Ред Булл Зальцбург" клубының қорғаушысы.

Расмус Ниссен Кристенсен Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

11 шілде 1997 (1997-07-11) (26 жас)

Туған жері

Бранде, Дания

Азаматтығы

Дания Дания

Бойы

187

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Аустрия Ред Булл Зальцбург

Номері

43

Клуб карьерасы[* 1]
2015—2018Дания Мидтьюлланд63 (6)
2018—2019Нидерланд Аякс20 (0)
2018Нидерланд Йонг Аякс2 (0)
2019—Аустрия Ред Булл Зальцбург2 (0)

Карьерасы

Клубтық

Карьерасын 2015 жылы "Мидтьюлланд" клубында бастады. Алғашқы ойынын 2016 жылы 6 наурызда "Норшелланн" клубына қарсы өткізді. Маусым біткенше 12 кездесуге қатысты. Тұңғыш голын 11 мамырда "Хобро" клубының қақпасына енгізді.

2018 жылы қаңтарда "Аякске" ауысты. Трансфер құны 5,5 млн еуроны құрады. Маусым соңында фарм клубы сапында Нидерланд екінші дивизионының чемпиондығына қол жеткізді.

2019 жылы "Ред Булл Зальбург" футболшысы атанды.

Халықаралық

Данияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Бірақ әлі ұлттық құрама сапында алаңға шыққан жоқ.

Жетістіктері

«Аякс»

  • Нидерланд чемпионы: 2018/19
  • Нидерланд кубогы: 2018/19

Дереккөздер

Сілтемелер