Раджаб

Ислам күнтізбесі

  1. Мұхаррам
  2. Сафар
  3. Рабиғ әл-әууәл
  4. Рабиғ әс-сәни
  5. Джумада әл-әууәл
  6. Жумад ас-сәни
  7. Раджаб
  8. Шағбан
  9. Рамазан
  10. Шәууәл
  11. Зул-Қағда
  12. Зул-Хиджа

Раджаб (араб.: رجب‎) - мұсылман күнтізбесі бойынша жетінші ай. Арабтың рәжәб сөзі "құрметтеу" деген мағынаны білдіреді. Исламға дейінгі Арабияда қасиетті төрт айдың бірі, Меккеге баратын «кіші» қажылық айы. Алғашында көктемгі кезеңге сай келді. Ережепте ауыз бекітіл, құрбандық шалынатын болған. Құрбандыққа шалынған малдың еті кедейлер мен қайыршы, кемтарларға таратылған. Ережептің қасиетті сипатын Ережептегі айрықша тақуалыққа рұқсат ету жөніндегі орта ғасырлардағы мұсылман дін ғылымындағы айтыс-тартыстарға қарамай сунниттер де, шииттер де Исламда сақтап қалды. Бір-біріне қарама-қайшы көзқарастағылар да, келісімпаздық шешімді жасаушылар да толып жатқан хадистер мен 5-сүренің 2-аятына жасалған түсініктемеге сүйенді. Ережептің халықтық Ислам тәжірибесінде кең тараған айрықша рәсімдері түбегейлі бекіп, бірқатар беделді діни адамдар тарапынан қолдау тапты. Оған ибн Таймийа сияқты сунниттік тақуалар ғана қарсы болды.
Бұл айда Мұхаммед 27-күнді әл-миражға жатқызады. Ережептің кейбір күндерінде ораза ұстау өте жоғары бағаланды. Мысалы, дін жолындағы кісі сергектік жасап, дұға оқтын бір жыл ішіндегі 14 күннің үшеуі ережепке тап келеді. Ережепте ауыз бекіткен 27 күн 60 ай ораза ұстауға немесе 100түн ораза ұстауға және 100 түнгі намазға тең болған. Исмаилшылар уағызында ережеп тақуалық рәсімдер айы ретінде ерекше аталады, бұл айда жасалған тақуалық рәсімдер басқа айлармен салыстырғанда бірнеше есе ұлғайтылады. Ережептің алғашқы жұмасының қарсаңында ерекше «сыйлықтар дұғасы» оқылады. Қазіргі мұсылман ғұламалары ережепті қадір тұтулы пұтқа табыну заманындағы ханифиямен, Исламға жол ашқан монотеистік қозғалыспен байланыстырады.[1]

Мерзімдері

ҺижриБірінші күн Григориан күнтізбесіСоңғы күн Григориан күнтізбесі
143113 Маусым 201012 Шілде 2010
1432  3 Маусым 2011  1 Шілде 2011
143322 Мамыр 201220 Маусым 2012
143411 мамыр 2013  9 Маусым 2013
143530 Сәуір 201429 Мамыр 2014
143620 Сәуір 201518 Мамыр 2015
1437  8 Сәуір 2016  7 Мамыр 2016
1438  29 Наурыз 2017  27 Сәуір 2017
1439  18 Наурыз 2018  16 Сәуір 2018
1440  8 Наурыз 2019  6 Сәуір 2019
1441  25 Ақпан 2020  25 Наурыз 2020
2010 - 2016 жыл аралығындағы Рәжәб күндері

Дереккөздер

Сыртқы сілттемелер

Ислам күнтізбесінің айлары
Мұхаррам | Сафар | Рабиғ әл-әууәл | Рабиғ әс-сәни | Джумада әл-әууәл | Жумад ас-сәни | Раджаб | Шағбан | Рамазан | Шәууәл | Зул-Қағда | Зул-Хиджа