Порфирит
Порфирит[1] — құрылымы порфирлі калишпатсыз магмалық тау жыныстарының жалпы атауы. “Порфирит” термині интрузиялық тау жыныстарының порфирлі құрылымды екенін көрсетуге қолданылады. Мысалы, габбро-порфирит, диорит-порфирит, т.б. Бұл тау жыныстарында фенокристар плагиоклаз және фемалық минералдар болып, арқауы толық кристалды, ұсақ түйірлі осы минералдардың агрегатынан тұрады. Мұндай плутонит-порфирлер сығылмалар, силдар, кішігірім штоктар түзеді. Минералдық құрамына байланысты пироксен порфириті, уралит порфириті, т.б. түрлерге бөлінеді. Порфирит құрылыс материалы ретінде қолданылады. Қазақстанда палеозойдың жанартаулық, шөгінді-жанартаулық тау жыныстарында кездеседі.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
немесе <reflist/>
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар