Панфилов ауданы

Панфилов ауданыЖетісу облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 192342 жылдары Жаркент ауданы, 1942 жылдан 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталады. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды.[4][5] Орталығы — Жаркент қаласы.

Қазақстан ауданы
Панфилов ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Жаркент

Ауылдық округтер саны

13

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

41

Қала саны

1

Әкімі

Марат Рахымбердіұлы Сағымбек

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, №129

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°10′20″ с. е. 80°00′28″ ш. б. / 44.17222° с. е. 80.00778° ш. б. / 44.17222; 80.00778 (G) (O) (Я) 80°00′28″ ш. б. / 44.17222° с. е. 80.00778° ш. б. / 44.17222; 80.00778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

10,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

133 831[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (66,15%), ұйғырлар (29,12%), орыстар (3,33%), дүнгендер (0,51%), басқалары (0,89%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041300-041331[3]

Автомобиль коды

19

Панфилов ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Панфилов ауданы

 Басқа мағыналар үшін Панфилов ауданы (Қырғызстан) деген бетті қараңыз.

Географиялық орны, жер бедері

Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солтүстік-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері — Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа температура 8 — 10°С, шілдеде 20 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 — 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Іорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Аңдардан арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, Панфилов ауданындағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.

Халқы

19391959197019791989[6]19992009[7]2021
 18832463187710684186106423112984113059132941

Тұрғындар саны – 129 204 (2019). Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (66,59%) құрайды. Одан өзге ұйғырлар (28,44%), орыстар (3,53%), дүңгендер (0,54%), татарлар (0,31%), өзбектер (0,22%), 0,38% т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 42 елді мекен 1 қалалық әкімдікке және 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[8]
Ауылдық округтері200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
Айдарлы ауылдық округі2321226597,61145112398,11176114297,1
Атамекен ауылдық округі829811899143,442206009142,440785890144,4
Басқұншы ауылдық округі47325329112,62360269011423722639111,3
Бірлік ауылдық округі57095770101,128992963102,22810280799,9
Жаркент қалалық әкімдігі3973152361131,81938026290135,72035126071128,1
Жаскент ауылдық округі26773778141,113281902143,213491876139,1
Көктал ауылдық округі125811254999,762376368102,16344618197,4
Қоңырөлең ауылдық округі5240479691,52698250492,82542229290,2
Сарыбел ауылдық округі4553415691,32291213293,12262202489,5
Талды ауылдық округі50425440107,925372793110,125052647105,7
Үлкенағаш ауылдық округі3309293688,71685149888,91624143888,5
Үлкен Шыған ауылдық округі958111265117,64801566311847805602117,2
Үшарал ауылдық округі50955361105,225582719106,325372642104,1
Шолақай ауылдық округі41905036120,221272575121,120632461119,3
ЖАЛПЫ САНЫ113059132941117,65626667229119,55679365712115,7

Шаруашылығы

Ауданда 1997 жылға дейін асыл тұқымды қой, ірі қара және жүгерінің гибридті тұқымдарын өсіруге маманданған 6 ұжымшар, 5 кеңшар болған. Қазір осы салаларға қосымша қызылша тұқымын және өсімдік майын алатын дақылдар өсіру дамуда. Панфилов ауданында 2002 жылдың басында 39 ауыл шаруашылығы ӨК, 3 ЖШС, 1 акционерлік қоғам және 3145 шаруа қожалығы, 16 өнеркәсіп орны, 2 жолаушы таситын, 3 жүк таситын көлік ұжымдары, аудандық телекоммуникация бөлімшесі, жергілікті пошта торабы сияқты меншіктің әр түріндегі 336 заңды және жеке тұлғалар тіркелген. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 648,0 мың га, оның ішінде егістігі — 41,0 мың га, жайылымы 587,0 мың га, шабындығы 19,4 мың га (2002). Мал түліктерінен ауданда 40,5 мың ірі қара, 224,0 мың қой мен ешкі, 12,2 мың жылқы, 390 түйе және 116,0 мың әр түрлі құс болды (2002).

Инфрақұрылымы

Білім беру, мәдени мекемелерінен ауданда 41 орта, 2 орталау, 6 бастауыш, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, Жаркент педагогикалық колледжі, Талдықорған Заң колледжінің бөлімшесі, Талғар медициналық колледжінің бөлімшесі, жекеменшік математика-информатикық лицей, 57 кітапхана, 2 музей, 3 мәдениет үйі, 7 клуб, т.б. бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен ауданы орталық аурухана, Көктал аудандықдық ауруханасы, Жаркент туберкулез ауруханасы, 9 фельдшерлік-акушерлік, 14 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда “Жаркент-Арасан”, “Керімағаш” санаторийлері және балаларды емдейтін “Көктал-Арасан” физиотерапиялық сауықтыру кешені бар (2002).

Жол торабы

Аудан аумағынан республикалық бағыныстағы жолдарға Іорғас — Жаркент — Көктал — Сарыөзек және Іорғас — Көктал — Шонжы — Алматы жолдары қарайды. Панфилов ауданындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 437 км.

Дереккөздер