Отар (Жамбыл облысы)

ОтарЖамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Отар ауылдық округі орталығы.

Ауыл
Отар
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Жамбыл

Ауданы

Қордай

Ауылдық округі

Отар

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°32′15″ с. е. 75°12′32″ ш. б. / 43.53750° с. е. 75.20889° ш. б. / 43.53750; 75.20889 (G) (O) (Я) 75°12′32″ ш. б. / 43.53750° с. е. 75.20889° ш. б. / 43.53750; 75.20889 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

4896 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 726 36

Автомобиль коды

08

Отар картада
Отар
Отар
Отар картада
Отар
Отар

Географиялық орны

Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде, Қопа жазығының боз жусан аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптесін өскен шөлді белдемде орналасқан.

Халқы

Саны (2009, 2021)[1]
200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
45404896107,822392471110,423012425105,4

Тарихы

Іргесі 1928 жылы Түрксіб темір жол салуға байланысты қаланды. 1973 жылы Жамбыл облысының Красногор ауданының орталығы болып келді. Ауданы таратылып, Қордай ауданына берілген соң, ауылдық округ орталығы болып қалды.

Кәсіпорындары

Отарда ауыл шаруашылығы техника, химия бірлестіктері, жұмыс қажетін өтеу комбинаты, мұнай базасы, өндірістік кооперативтер мен ЖШС-терге, шаруа қожалықтарына біріктірілді.

Инфрақұрылымы

Ауылда орта мектеп, клуб, аурухана, емхана, т.б. мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Отар арқылы ТаразАлматы автомобиль және темір жолы өтеді.

Дереккөздер