Онтарио

Канада провинциясы
 Басқа мағыналар үшін Онтарио (айрық бет) деген бетті қараңыз.

Онтарио (ағылш. Ontario [ɒnˈtɛəri.oʊ]) — Канаданың орталық шығысында орналасқан провинция. Канаданың он үш провинциялары мен территорияларының бірі.[4] Бұл мемлекет халқының 38.3 пайызы тұратын Канададағы халық ең көп шоғырланған және жер аумағы бойынша Квебектен кейінгі екінші провинция. Онтарио батысында Манитоба, шығысында Квебек провинцияларымен, оңтүстігінде АҚШ-тың Миннесота, Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарымен шектеседі. Онтариода Канаданың астанасыОттава қаласы және Канададағы ең ірі қала — Торонто қаласы орналасқан[5], Торонто сондай-ақ Онтарионың әкімшілік орталығы болып табылады.

Канада провинциясы
Онтарио
ағылш. Ontario

Онтарио
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Канада

Кіреді

Орталық Канада

Әкімшілік орталығы

Торонто

Премьер-министр

Даг Форд

Лейтенант-губернатор

Элизабет Даудесвелл

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°15′00″ с. е. 84°30′00″ б. б. / 49.25000° с. е. 84.50000° б. б. / 49.25000; -84.50000 (G) (O) (Я) 84°30′00″ б. б. / 49.25000° с. е. 84.50000° б. б. / 49.25000; -84.50000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1 шілде 1867

Жер аумағы

1,076,395[1] км² (10,8 %, 4 орын)

Биіктігі
· Ең биік


693 м

Уақыт белдеуі

UTC−5:00

Ірі қаласы

Торонто

Экономикасы
ЖІӨ

CA$763.276 миллиард[2] (2015)

Тұрғындары
Тұрғыны

13,448,494[3] адам (2016)(38.3 %, 1 орын)

Тығыздығы

14.65 адам/км² (5 орын)

Ресми тілі

ағылшын

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

CA-ON

Пошта индекстері

ON

gov.on.ca

Онтарио Ортаққорда 84°30′00″ б. б. / 49.25000° с. е. 84.50000° б. б. / 49.25000; -84.50000 (G) (O) (Я)

Онтарионың АҚШ-пен 2,700 кмге (1,678 мильге) созылған шекарасының барлығы дерлік ішкі сулармен өтеді. Тек қана 1 кмге (0.6 мильге) жуық құрлықтық шекара бар. Онтарио — Ұлы көлдермен шектесетін жалғыз провинция. Онтарио — жарты миллионға жуық көлдері бар жазық жер. Олардың арасында Ұлы көлдер бар, ал Ұлы көлдердің ішінде провинция өз атауын алған Онтарио көлі орналасқан.[6] АҚШ-пен Канада арасындағы мемлекеттік шекарада Ниагара сарқырамасы орналасқан.

Онтарио кейде тұжырымдамалық тұрғыдан екі аймаққа бөлінеді: Солтүстік Онтарио және Оңтүстік Онтарио. Онтарио тұрғындарының және егін алқаптарының басым көпшілігі оңтүстікте орналасқан. Керісінше, Солтүстік Онтарионың көп бөлігі қыста суық және қалың ормандармен сирек қоныстанған.[7]

Провинцияның жер аумағы — 1,076,395 км², 2016 жылғы санақ бойынша халық саны — 13,448,494, ресми тілі — ағылшын тілі.

Сөз төркіні

Провинция Онтарио көлінің құрметіне аталған, ал Онтарио (гуронша: Ontarí:io) термині гурон тілінен аударғанда «үлкен көл» дегенді білдіреді,[8] немесе сканадарио, Ирокой тілдерінен аударғанда «әдімі су» дегенді білдіреді.[9]

География

Провинция солтүстіктен оңтүстікке дейін 1730 км-ге, батыстан шығысқа дейін 1690 км-ге созылған.[10] Провинцияның аумағы 1,076,395 км² құрайды, оның ішінде құрлық — 917,741 км² (85.26 %), су — 158,654 км² (14.74 %). Онтарио Канада аумағының 10.8 пайызын алып жатыр және бүкіл Канада провинциялары мен территорияларының ішінде жер аумағы бойынша 4-ші орынды алады және 2-ші орынды тек құрлық аумағы бойынша алады (аралдарды қоспағанда).[10][11] Провинция құрамында 1864 арал бар.[12]

Температура

ТоронтоҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсанЖыл
Макс. темпер.(°C)-105121824272621148213
Мин. темпер.(°C)-7-6-24101518181472-36
Жауын-шашын (мм)292642637372688083656742710
Қар (см)3827226000000832133
ОттаваҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсанЖыл
Макс. темпер.(°C)-6-42111924272520135-311
Мин. темпер.(°C)-15-13-7-1813151493-3-111
Жауын-шашын (мм)251836617885918785756031732
Қар (см)554640111000042257235
ВиндзорҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсанЖыл
Макс. темпер.(°C)-116132125282723168214
Мин. темпер.(°C)-8-7-2391517171261-55
Жауын-шашын (мм)293356818190828096646747805
Қар (см)3528214000001830127
СадбериҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсанЖыл
Макс. темпер.(°C)-8-6091722252317102-59
Мин. темпер.(°C)-19-17-10-2510131272-5-14-1
Жауын-шашын (мм)137304776787791101774814657
Қар (см)6450273918200053264274
Тандер БэйҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсанЖыл
Макс. темпер.(°C)-9-6091621242317102-69
Мин. темпер.(°C)-21-18-11-33711105-1-8-17-4
Жауын-шашын (мм)331730658689898857324559
Қар (см)412727122000162444188

Дереккөз: Environment Canada[13]

Демография

Онтарионың халық тығыздығы
Онтарионың халық тығыздығы

2016 жылғы санақ бойынша Онтариода 13,448,494 адам тұрған, ал 2011 жылы 12,851,821 адам, 2006 жылы 12,160,282 адам тұрған. Онтарио Канададағы халқы ең көп провинция болып табылады, Канаданың 38.3 пайыз халығы Онтариода қоныстанған. Бірақ, Онтарио халқы мүлдем біркелкі орналаспаған. Онтарионың 85—86 пайыз аумағын алып тұрған Солтүстік Онтариода Онтарионың тек 6 пайыз халқы тұрады, ал провинцияның оңтүстік-батысында орналасқан, провинция аумағының 14—15 пайызын алып тұрған Оңтүстік Онтариода Онтарионың 94 халқы қоныс тапқан. Қала тұрғындарының үлесі 85 пайызды құрайды.[14]

Халық саны

Ұлты

Саны 200 мыңнан асатын этникалық топтар[15]
ЭтносЖалпыМоно-
идентификация
Мульти-
идентификация
Ағылшындар2 971 360639 8302 331 530
Канадалықтар2 768 8701 201 1251 567 740
Шотландтықтар2 101 100257 5351 843 565
Ирландықтар1 988 940215 1151 773 825
Француз Канадалықтар1 351 600182 5101 169 090
Немістер1 144 560216 630927 930
Италиялықтар867 980485 685382 295
Қытайлар644 465543 320101 145
Үнділер573 250454 365118 885
Голландтықтыр490 995161 710329 285
Поляктар465 560169 225296 335
Украиндар336 35585 615250 740
Үндістер317 89087 895229 990
Португалдар282 870189 40593 460
Филиппиндер215 750159 15556 600
Британдар205 75550 235155 520
басқалары4 005 5601 754 9152 250 535

Діні

Ең ірі дін тобы — Христиандар 74.6 %, оның ішінде Протестанттар 34.9 %, Католиктер 34.7 %. Онтарио провинциясында Канада мұсылмандарының тең жартысы орналасқан — 581,950 (4.6 %).

2011 жылғы мәлімет бойынша Онтарионың негізгі дін топтары мынандай:

ДінХалық%
Жалпы12,651,795100  
Католиктер3,976,61031.4
Дінсіздер2,927,79023.1
Протестанттар2,668,66521.1
Басқа Христиандар1,224,3009.7
Мұсылмандар581,9504.6
Индустар366,7202.9
Иудейлер195,5401.5
Сикхтар179,7651.4
Буддистар163,7501.3
Басқа діндегілер68,9850.5

Тілі

Онтарио провинциясының негізгі тілі ағылшын тілі болып табылады, ол сондай-ақ провинцияның Де-Факто ресми тілі болып табылады.[16] 2016 жылғы өткізілген санақ бойынша Онтарио халқының шамамен 97.2 пайызы ағылшын тілін меңгерген, бірақ халықтың 69.5 пайызына ғана ағылшын тілі ана тілі болып табылады.[17] Ағылшын Канаданың екі ресми тілдерінің бірі, екіншісі француз тілі. Ағылшын және француз тілдері Онтарио соттарының ресми тілдері. Онтарио халқының 11.5 пайызы француз тілін меңгерген, ал шамамен 4.6 пайызына француз тілі ана тілі болып табылады.[18] Онтарио тұрғындарының шамамен 11.2 пайызы екі тілде де сөйлейтінін, ал 2.5 пайызы екі тілдің бірде біреуін білмейтінін айтты.

Биометриялық демография

Гендерлік таралу екі Американың көптеген аймақтарына тән — әйелдер саны (6,229,580) ерлер санынан (5,930,700) көп. 25 жасқа дейінгі жас тобында ер адамдар, ересек топта әйелдер басым.[19]

Жас құрылымы — халықтың орташа жасы 39.0 жас (ерлер — 38.1, әйелдер — 39.9).

Өмір сүру ұзақтығы 83 жасты құрайды. Туу көрсеткіші 10.8 ‰ құрайды (Канада бойынша — 11.3 ‰).[20] Өмірінің алғашқы жылындағы сәби өлімі 5.2 ‰ құрайды (Канада бойынша — 5.1 ‰).[21] Өлім көрсеткіші 7.1 ‰ құрайды (Канада бойынша — 7.3 ‰).

Онтарио қалалары

Торонто, порттан көрініс.
Канада елордасы Оттава қаласындағы Канада парламенті.
100 мың адамнан асатын агломерациялар
Агломерация200920082007
Торонто5623,55530,65432,6
Оттава - Гатино1220,71201,31183,1
Гамильтон739,4732,7725,6
Лондон489,3485,5481,4
Китченер - Кембридж - Уотерлу489,1482,9476,4
Сент-Катаринс - Ниагара Фолс404,4404,2403,9
Ошава361,4356,0350,4
Виндзор331,5333,4334,8
Берри190,4188,2186,0
Грейтер Садбери165,3164,9164,5
Кингстон160,7159,5158,3
Брантфорд137,7136,9136,0
Гуэлф135,9134,6133,2
Тандер Бэй124,8125,5125,9
Питерборо121,4121,1120,7

Дереккөздер

Сілтемелер