Нұрлы қабық

Нұрлы қабық (радужная оболочка); (лат. iris — нүрлы) — тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлiгi, көздiң алдыңғы және артқы қуыстарын бөлiп тұрады.

Нұрлы қабық.

Нұрлы қабықта бес: алдыңғы эпителий; сыртқы шекаралық; тамырлы; iшкi шекаралық және артқы бояутектi эпителий қабаттарын ажырайды.[1]

Нұрлы қабықтың ортасындағы кішірейіп, кеңейіп тұратын тесікті қарашық деп атайды. Нұрлы қабықта көздің түсін анықтайтын бояғыш пигментті жасушалар (пигментоциттер) болады. Нұрлы қабықта қарашықты тарылтып және кеңейтіп тұратын бірыңғай салалы ет жасушалары - миоциттер орналасады. Нұрлы қабық көз алмасына өтетін жарық сәулелерінің мөлшерін реттеп, диафрагманың қызметін атқарады.[2]

Дереккөздер