Нэйтан Филлион

Нэйтан Филлион (ағылш. Nathan Fillion), 27 наурыз 1971 жылы Канадада дүниеге келген. Америка актёрі, «Светлячок», «Баффи — вампирлерді жоюшы», және «Касл» сиқяты сериал мен фильмдерде ойнаған рольдерімен белгілі.

ағылш. Nathan Fillion
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Нейтан Кристофер Филлион

Туған күні

27 наурыз 1971 (1971-03-27) (53 жас)

Туған жері

Эдмонтон, Альберта, Канада

Азаматтығы

КанадаКанада,  АҚШ

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1993 - қазіргі уақыт

IMDb

ID 277213

http://www.myspace.com/nathanfillion

Өмірбаяны

Ертедегі өмірі

Филлион Канаданың Эдмонтон қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы, Куки және Боб Филлион, жұмыстарынан босатылған ағылшын тілінің мұғалімдері. Нэйтанның Джефф деген ағасы бар. Филлион Киелі троицаның Католик гимназиясын, кейін Конкордия университетінің Альберт колледжін және Альберт университетін бітірді. Филлионның айтуынша, ол - лейтенант Джубала А. Эрлидің ұрпағы.Оның арғы аталарының ішінде франко-канадалықтар мен ирландықтар бар.

Мансабы

Театрда жұмыс істеп, бірнеше канадалық теле кинофильмдеріне түскеннен кейін Филлион 1994 жылы Нью-Йоркке көшіп келді. Бұл жерде ол «Өмірлес үшін бір өмір» теле операсында Джоуи Бьюкенaнның рөлін орындайды.1996 жылы ол «Эмми» марапатының «Үздік жыл актері» категориясының номинациясына ие болады.1997 жылы Филлион басқа жобалармен айналысу үшін сериалдан кетеді(шындығында ол 2007 жылы бірнеше серия үшін қайтып келеді).Лос-Анджелес қаласына көшіп келіп «Екі жігіт, қыз және пицеррия» ситкомында екінші қатардағы рөльдерде ойнайды да, «Қатардағы Райанды құтқару» фильмінде Джеймс Фредерик Райанның рөлін ойнайды.Филлион 2002 жылы Джосс Видонның «Светлячок» фантастикалық телесериалында капитан Малкольм Рейнолдстің ролін сомдады.Осы ойнаған ролі үшін фантастика, фэнтэзи және жан түршігер фильмдер Академиясының «Болашақ ұрпақтың беті» (ағыл. Cinescape Genre Face of the Future - Male ) категориясының марапатына ие болды. Бір жағынан 2003 жылы сериал тоқтатылса да, 2005 жылы оның «Серенити» миссиясы» деген кинобейімдеуі шықты,онда Филлион қайтадан өз рөліне келеді. Уидонның басқа сериалының финалдық маусымында, «Баффи — вампирлерді жоюшы», Филлон екінші қатардағы кейіпкер Калебтің рөлін ойнайды. Филлионың айтуынша, «Светлячок» фильмін түсіру кезіндегі уақыт, барлық сериалдардың ішіндегі ең қызығы болған. «Светлячок» фильміне түсу аяқталғасын Джевел Стэйт актрисасы оны КапитанТарШалбар деп атап кетті.Осылай ол лақап атқа ие болды.Филлион 2001 жылы «Таудың патшасы» мультсериалында қосалқы кейіпкерді дыбыстандырды, сол сияқты «Jade Empire» ойынында кейіпкер Гао Кішіні де сомдаған. 2006 жылы Филлион Джеймс Ганныңа «Шырышты ұлу» атты жан түршігетін фильмінде басты рөльде түсті. Осы сомдаған шериф Билл Парди рөліне «Fangoria» журналының «Осы Чувакпен әзілдеспей ақ қой» атты категориясының номинациясына ие болған. Сол жылы аты әйгілі «Ажалдан аман қалу» сериалының «Мен келісемін» сериясында эпизодтық рольде ойнайды. 2007 жылы Филлион жан түршігер «Ақ шу 2: Жарқырау» фильмінде басты рольде ойнады. Сол жылы басты рольдерде Эдриэнн Шелли мен Натанның орындауында «Официантка» романтикалық комедиясы шықты. 2007 жылы Натан «Жангешті үйде отыратын әйелдер» дреммедиясының төртінші маусымында пайда болады. Сонымен бірге «Қуып жарысу» телесериалында басты рольдердің бірін ойнайды, бірақ-та ол 6 эпизодтан кейін жабылып қалды. Телефанаттардың арасында осы сериал құрдымға кеткесін оның атына «сериалдарды жоюшы деген» амплуа жабысып қалды,себебі ол басты рольде ойнаған бірнеше сериал мезгіл-мезгіл жабылып қалып отырды Кейінірек ол «Касл» сериалында басты рольді ойнады. Фильм әйгілі жазушы Рик Касл туралы.Ол өзінің ерекше ойлау қабілетімен және жазушылық дарынының арқасында Нью-Йорк полициясына шытырман қылмыстарды ашуға көмектеседі.Натанның өткір романшы бейнесін тамаша сомдағаны соншалықты,он сериядан тұратын бірінші маусымнан кейін,екіншісі, үшіншісі, төтріншісі қазір бесінші маусым көрсетілуде.

Фильмдер тізімі

Кино

ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлПримечания
1994Стрэндж пен РичStrange and RichУолтер Хоуд
1998Қатардағы жауынгер Райанды құтқаруSaving Private RyanҚатардағы жауынгер Рядовой Джеймс Фредерик (Миннесота) Райан
1999Өткендегі жарылысBlast from the PastКлифф
2000Дракула-2000Dracula 2000Дэвид әке
2003Судың жағасындаWater’s EdgeРоберт Грейвз
2004Райлидің мойындауыOuting RileyЛюк Райли
2005«Серенити» миссиясыSerenityкапитан Малкольм Рейнолдс
2006СлайтерSlitherшериф Билл Парди
2007Ақ шу 2: шуақWhite Noise: The LightАбрахам Дейл
Даяшы қызWaitressдәрігер Джим Поматтер
2008ДальнобойщицаTruckerРаннер
2009КаслKastleРичард Касл
2009Ғажайып әйелWonder Womanполковник Стив ТреворДауыс; Direct-to-video
2010СуперSuperКек алушы
2011Жасыл Шам: Изумруд рыцарларыGreen Lantern: Emerald KnightsХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-video
2012Әділдік Лигасы. ӨлімJustice League: DoomХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-video
The Patriot of Americaкапитан Джеймс СлэйдДауыс
Ештеңеден айхай шуMuch Ado About NothingДогберри
2013Монстрлар университетіMonsters UniversityДжонни Уортингтон IIIДауыс
Әділет лигасы: жанжал парадоксының себебіJustice League: The Flashpoint ParadoxХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-video
Перси Джексон және құбыжықтар теңізіPercy Jackson & the Olympians: The Sea of MonstersГермесЗаменил Дилана Нила из первого фильма серии
2014Party CentralДжонни Уортингтон IIIДауыс; қысқаметражды
Галактика сақшыларыGuardians of the Galaxyұсқынсыз тұтқынДауыс; камео
2015Әділдік лигасы: Атлантида тағыJustice League: Throne of AtlantisХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-video
Highway of TearsрассказчикДеректі фильм
2017Галактика сақшылары 2Guardians of the Galaxy Vol. 2Саймон УильямсКамео, фото; жойылған көрініс
Көліктер 3Cars 3СтерлингДауыс
Henchmenкапитан СупериорДауыс
2018НомисNomis
Суперменнің ажалыThe Death of SupermanХэл ДжорданДауыс
Ганнибалдың ойыныNight HunterМэтью Куинн
2019Супермендердің билігіReign of the SupermenХэл ДжорданДауыс
2021Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясыThe Suicide SquadФлойд «ТДК» Белкин / Жігіт-Қол-Жулу

Сыртқы сілтемелер