Никола Пашич

Пашич (Пашиһ) Никола (19. 12. 1845, Заечар, - 10.12. 1926, Белград) - серб,кейінірек югослав саяси және мемл. қайраткері. Радикалдық партияны ұйымдастырушылардың бірі, кейін оның басшысы. 1891-1892 ж. және 1904-18 ж. (үзілістермен) премьер-министр және сыртқы істер министрі. Карагеоргиевшілдердің ұлы сербтік сыртқы саясатын қолдады. 1919-20 ж. Париж бітім конференциясында Сербтер, хорваттар және словендер корольдығының (СХСК) делегациясын басқарды. 1921-26 ж. (үзілістермен) СХСК премьер-министрі; югослав мемлекетінің реакцияшыл ішкі және антисоветтік сыртқы саясатын жүргізушілердің бірі.

Дереккөздер

Қазақ Совет Энциклопедиясы