Мырзашөл

МырзашөлСырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл.

Мырзашөл
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі250 м
Климаты
Қаңтардағы орт. температура-2,1 °C
Шілдедегі орт. температура27,9 °C
Жылдық жауын-шашын деңгейі200, 240 мм
Орналасуы
41°16′02″ с. е. 67°40′32″ ш. б. / 41.26722° с. е. 67.67556° ш. б. / 41.26722; 67.67556 (G) (O) (Я) 67°40′32″ ш. б. / 41.26722° с. е. 67.67556° ш. б. / 41.26722; 67.67556 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақТүркістан облысы
ОрналасуыСырдарияның жоғарғы бойының сол жағы
Мырзашөл (Қазақстан)
Мырзашөл
Мырзашөл (Түркістан облысы)
Мырзашөл

Географиялық орны

Солтүстік жағы Түркістан облысы жеріне кіреді.

Жер бедері

Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашөлдің абсолюттік биіктігі 150–250 м келген құм төбелі, белесті жазық.

Климаты

Климаты қуаң континенттік. Қысы жылы, жазы ыстық және ұзақ болады; ауаның орташа температурасы қаңтарда -2,1С, шілдеде 27,9С. Жауын-шашын мөлшері 200-240 мм. Жер асты суының қоры мол (қ. Қызылқұм артезиан алабы).

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Негізінен сұр топырақты келеді, сортаңдау жерлері де кездеседі. Көктемде эфемерлік шөптесін өсімдік қалың өседі, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда жусан, жантақ тектес өсімдіктер сақталады. Ақбөкен, қасқыр, түлкі, қарсақ, құмқоян, бауырымен жорғалаушылардың түрлері; құстардан қырғауыл, үйрек, бөдене, дуадақ, тағы басқа кездеседі.

Игерілуі

Мырзашөл өңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары Түркістан өңірін суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын едәуір ұлғайту мақсатында жүргізілген ирригациялық жұмыстардан басталды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мырзашөл өңірінде Шардара бөгені, Қызылқұм суару жүйесі сияқты жасанды айдындар іске қосылды және бұлардың негізінде Мырзашөл суару-суландыру жүйесі қалыптастырылды. Мырзашөлдегі Мақтаарал, Шардара аудандары республикадағы мақта өсіруші басты алқаптардың бірі.[1]

Дереккөздер