Мультиметр
Мультиметр (ағылш. multimeter), тестер (ағылш. test — сынақтан өткізу), авометр (ампервольтомметр-ден шыққан) — өзінде бірнеше функциясы бар аралас электр өлшеуші аспап. Ең минималды жиынтығында вольтметр, амперметр және омметрдің қызметі болады. Кейде мультиметрдің ток өлшеуші клещ түріндегісі болады. Цифрлық және аналогтық мультиметрлер бар. Мультиметр базалық өлшеулерге қолданылатын және ақаулықтарды іздеуге арналған жеңіл, тасымалдаушы құрылғы болуы мүмкін, сондай-ақ көптеген мүмкіндіктері бар күрделі стационарлық аспап та болуы мүмкін.
Қызметі
Сандық мультиметрдің көмегімен мына шамаларды өлшеуге болады:
- тұрақты және айнымалы ток кернеуі
- тұрақты ток күші
- тұрақты ток желісі бөліктеріндегі кедергі
- дыбысты әсердің көмегімен байланысты тексеру
Құрылымы
Бұл аппаратта мынадай түймелер орналасқан және ол осы түймелер арқылы өз қызметін атқарады:
- айырылған жағдай, қосып өшіруге арналған
- тұрақты кернеуді өлшеудің шегі
- кедергінің өлшеудің шегі
- транзистордың параметрлерін өлшеу үшін қолданатын ұя, программада жұмыс істемейді.
- сандық кесте
- айнымалы кернеуді өлшеу шегі
- тұрақты ток күшін өлшеудің шегі
- жұмыс жағдайын айыратын айырып қосқыш
- 200 mA-дан 10 A -ға дейінгі ток күші санағы
- өткізгіш сымдарды жалғауға арналған ұя
- жалпы сымдарды жалғауға қажетті ұя
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар