Моңғолия Халық республикасы

Моңғолия Халық Республикасы (МХР; моңғ. Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улс) — 1924 жылдан 1992 жылға дейін өмір сүрген Шығыс Азиядағы социалистік мемлекет. Елді Моңғолия Халық партиясы басқарды және олар КСРО-мен жақын қатынастар сақтаған. Хронологиялық тұрғыдан Кеңес Одағынан кейінгі әлемдегі екінші социалистік мемлекет.

Моңғолия Халық республикасы
моңғ. Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улс

КСРО сателлиті, социалистік мемлекет

26 қараша 1924 — 12 ақпан 1992



БайрағыЕлтаңбасы
Ұраны
«Орон бүрийн пролетари нар нэгдэгтүн!»
«Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
Әнұраны
«Монгол интернационал»
«Моңғол интернационалы»
(1924–1950)

«Бүгд Найрамдах Монгол Ард Улсын сүлд дуулал»
«Моңғолия Халық Республикасының Мемлекеттік әнұраны»
(1961–1991)
АстанасыҰланбатыр
Ірі қалаларыҰланбатыр, Эрдэнэт, Дархан
Тіл(дер)імоңғол тілі
Дініатеизм (көпшілік діні)
Тибет буддизмі (1926-ға дейін ресми дін)
Моңғол шаманизмі
Ақша бірлігімоңғол тұғрығы
Аумағы1 564 116 км²
Халқы2,318,000 (1992)
Басқару формасыСталинистік диктатурадағы Унитарлы Марксистік-Ленинистік бірпартиялық социалистік республика
(1939–1952)
Унитарлы Марксистік-Ленинистік бірпартиялық социалистік республика
(1952–1990)
Унитарлы көппартиялы демократиялық республика
(1991)
Бас Хатшысы
 - 1924–1928 (тұңғыш)Цэрэн-Очирын Дамбадорж
 - 1991–1992 (соңғы)Бүдрагчаагийн Даш-Ёндон
Елбасы
 - 1924 (тұңғыш)Наваандоржийн Жадамбаа
 - 1990–1992 (соңғы)Пунсалмаагийн Очирбат
Үкімет басшысы
 - 1924–1928 (тұңғыш)Балингийн Цэрэндорж
 - 1990–1992 (соңғы)Дашийн Бямбасүрэн
Тарихы
 -  1 наурыз 1921Халық Төңкерісі
 -  26 қараша 19241924 жылғы Конституция қабылдануы
 -  20 қазан 1945Тәуелсіздік референдумы
 -  5 қаңтар 1946Қытаймен мойындалуы
 -  29 маусым 1990Тұңғыш демократиялық сайлауы
 -  12 ақпан 1992Ыдырауы

Тарихы

Құрылуы

1911 жылдың 29 желтоқсанында Сыртқы Моңғолия Цинь империясынан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Елді теократиялық билеуші Боғдо Хан басқарды. 1911—1921 жылдары Боғдо ханның бақылауындағы Моңғолия мойындалмаған мемлекет, Ресейдің протектораты, Қытайдың құрамындағы автономия болды.