Мохтар Дахари

Аллахуархам Дато’Мохтар Дахари (Allahyarham Dato'Mokhtar Dahari; 13 қараша 1953 жыл, Сетапак, Селангор) — малайзиялық футболшы шабуылшы. Малайзия Ұлттық футбол құрамасы сапында 88 гол соққан, бұл рекордтық көрсеткіш.

Мохтар Дахари Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

13 қараша 1953 (1953-11-13)

Туған жері

Сетапак, Селангор, Малайзия

Қайтыс болған күні

11 шілде 1991 (1991-07-11) (37 жас)

Азаматтығы

Малайзия Малайзия

Позиция

шабуылшы

Клуб карьерасы[* 1]
1972—1987Малайзия Селангор? (177)
1988Малайзия Квонг Йик Банк? (?)
Ұлттық құрамы[* 2]
1972—1985 Малайзия131 (88)

1972 жылы карьерасын туған қаласы "Селангор" клубында бастады. 16 жыл бойы ойынап, Малайзия чемпионатында 177 гол соқты.

1975 жылы "Селангор" әйгілі "Арсеналдың" өзін ұтып кетті - 2:0. Екі голды да Мохтар соқты, осыдан соң "Арсенал" футболшыны сатып алғысы келген, бірақ Мохтардың өзі бас тартты.

1978 жылы Англия - Малайзия жолдастық кездесуінде де бір гол соқты, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

1987 жылы карьерасын аяқтады, бірақ бір жылдан соң "Квон Йик Банк" клубында ойнады.

1991 жылы науқастан қайтыс болды.

Сілтемелер