Милан (футбол клубы)

Итальяндық футбол клубы

Associazione Calcio Milan, яғни "АС Милан" немесе "Милан" деп аталатын Италияның А сериясындағы кәсіпқой футбол клубы.

Италия Mилан
Толық атауы

Associazione Calcio Milan S.p.A.[1]

Лақап аттары

i Rossoneri (Қызыл қаралар)
il Diavolo (әзәзіл)
Casciavit (Lombard for: Screwdrivers)

Құрылған жылы

1899

Стадионы

Сан-Сиро

Сыйымдылығы

80,018

Бас жаттықтырушы

Стефано Пиолли

Капитаны

Алессио Романьоли

Сайты

acmilan.com

Жарыс

А Сериясы

2020/21

2.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
Футболдан Италия чемпионаты 2021/22

«Милан» — әлем футбол тарихындағы ең жүлделі футбол клубы. Халықаралық жетістіктері жөнінен аргентиналық Бока Хуниорспен бірге 18 титулға ие[2]. УЕФА чемпиондар лигасының жеті дүркін жеңімпазы (бұл Италиялық клубтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш).

Клубтың бітіспес қарсыласы — Миландағы тағы бір клуб "Интернационале". Бұл екі клубтың арасындағы матч "Милан дербиі" деп аталады.

Тарихы

Клуб 1899 жылы тігінші Герберт Килпин мен кәсіпкер Альфред Эдвардс атты ағылшындықтардың бастауымен құрылды.[3][4] 1900 жылы 11 наурызда тұңғыш бейресми матчын өткізіп, "Меладунома" (Милан) клубын 3:0 есебімен ұтты.

1901 жылы-ақ тұңғыш рет Италия чемпионы атанды. 1906, 1907 жылдары осы жетістігін тағы қайталады.

1950 жылдары клубта "Гре-Но-Ли" триосымен есте қалған швециялық үш шабуылшы Гуннар Нордаль, Гуннар Грен, Нильс Лидхольм деп тепті. 1951 жылы осы ойыншылардың көмегімен төртінші скудеттоны ұтып алды.

Клуб 1960-жылдары күшейді. Осы дәуірде итлиялық клубтар арасында бірінші боп, 1963 жылы Еуропа чемпиондар кубогын жеңді. Финалда "Бенфиканы" тізе бүктірді.

1970-80 жылдары аса жарқырамады, тек 1979, 1988 жылдары ғана Италия чемпионы атанды. 1985 жылы қаңтар айында клубтың аңыз ойыншысы Паоло Мальдини клубтағы дебют ойынын өткізді.

1988 жылы клубқа Нидерландтық әйгілі үштік — Руд Гуллит, Марко ван Бастен, Франк Райкаард келді. Бұл үштіктің үлесі ұзамай-ақ айқын сезілді, 1989 жылы Еуропа чемпиондар кубогын ұтты. Финалда Румынияның "Стяуа" клубын тізе бүктірді. Ал 1993/94 жылғы маусым қорытындысында Финалда "Барселонаны" 4:0 есебімен ұтып, тағы да УЕФА чемпиондар лигасында топ жарды. Кейін 2003 және 2007 жылдары осы осы турнирде жеңімпаз атанды. Осылайша УЕФА Чемпиондар лигасындағы кубоктар санын жетеуге жеткізді. Осы дәуірде клубта Андрей Шевченко, Кака, Кафу, Андреа Пирло, Паоло Мальдини, Алессандро Костакурта, Филиппо Индзаги секілді жұлдыздар ойнады.

Соңғы он жыл көлемінде клуб мүлде дағдарысқа ұшырады, 2011 жылдан бері Италия чемпионатында топ жарған жоқ, еурокубоктерде мүлде көзге түспей қойды.

Жетістіктері

Ұлттық

  • А сериясы
    • Чемпион (18): 1900/1901, 1905/06, 1906/07, 1950/51, 1954/55, 1956/57, 1958/59, 1961/62, 1967/68, 1978/79, 1987/88, 1991/92, 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1998/99, 2003/04, 2010/11
    • Вице-чемпион (14): 1901/02, 1947/48, 1949/50, 1951/52, 1955/56, 1960/61, 1964/65, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1989/90, 1990/91, 2004/05, 2011/12
    • 3-орын (18): 1937/38, 1940/41, 1948/49, 1952/53, 1953/54, 1959/60, 1962/63, 1963/64, 1968/69, 1975/76, 1979/80, 1988/89, 1999/00, 2002/03, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2012/13
  • Италия кубогы
    • Жеңімпаз (5): 1966/67, 1971/72, 1972/73, 1976/77, 2002/03
    • Финалист (9): 1941/42, 1967/68, 1970/71, 1974/75, 1984/85, 1989/90, 1997/98, 2015/16, 2017/18
  • Суперкубок
    • Жеңімпаз (7): 1988, 1992, 1993, 1994, 2004, 2011, 2016
    • Финалист (4): 1996, 1999, 2003, 2018
  • В сериясы
    • Чемпион (2): 1980/81, 1982/83

Халықаралық

Стадион

"Сан Сиро" - Италияның Милан қаласында орналасқан футбол алаңы. Бұл алаң Милан және Интер клубттарының үй алаңы болып табылады. 1979 жылы алаң аты "Сан Сиродан" "Джузеппе Меаццаға" өзгертілді. Жасанды газон төсеулі.

Ойыншылар

Құрамы

2019/20 жылғы маусымда

ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы
25Пепе Рейна31.08.1982Испания
90Антонио Доннарумма07.07.1990Италия
99Джанлуиджи Доннарумма25.02.1999Италия
ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы
2Давиде Калабрия06.12.1996Италия
12Андреа Конти02.03.1994Италия
13Алессио Романьоли12.01.1995Италия
19Тео Эрнандес06.10.1997Франция
22Матео Мусаккьо26.08.1990Аргентина
31Маттиа Калдара05.05.1994Италия
43Лео Дуарте17.07.1996Бразилия
68Рикардо Родригес25.08.1992Швейцария
Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы
4Исмаэль Беннасер01.12.1997Алжир
5Джакомо Бонавентура13.05.1989Италия
7Самуэль Кастильехо18.01.1995Испания
8Сусо19.11.1993Испания
10Хакан Чалханоғлы08.02.1994Түркия
20Лукас Билья30.01.1986Аргентина
33Раде Крунич07.10.1993Босния
39Лукас Пакета27.08.1997Бразилия
79Франк Кесси19.12.1996Кот-д'Ивуар
ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы
9Кшиштоф Пёнтек01.07.1995Польша
11Фабио Борини23.03.1991Италия
17Рафаэл Леау10.06.1999Португалия
18Анте Ребич21.09.1993Хорватия

Клуб ардагерлері

#ОйыншыМатчЖж
1Паоло Мальдини9021984—2009
2Франко Барези7191977—1997
3Алессандро Костакурта6631986—2007
4Джанни Ривера6581960—1979
5Мауро Тассотти5831980—1997
6Дженнаро Гаттузо4611999—2012
7Массимо Амброзини4331995—2013
8Анджело Анкиллетти4181966—1977
9Чезаре Мальдини4121954—1966
10Андреа Пирло4102001—2011

Сілтемелер

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: A.C. Milan