Маңқы

Маңқы (лат. Gallinago media) - тауқұдіреттер тұқымдасына жататын құс.

Маңқы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Ржанкатәрізділер
Тайпасы:Тауқұдірет
Тегі:Gallinago media
Екі-есімді атауы
Gallinago media

Сипаты

  • Дене тұрқы 35 см, салмағы 200 г-дай.
  • Қоңыр түсті қауырсынының үстінде қара дақтары бар, бауыры теңбіл түсті.
  • Сұрғылт түсті кеудесінің шұбар дақтары бар.
  • Тұмсығының ұзындығы 57-69 мм.
  • Түнде белсенді тіршілік етеді, қорегін аулауға күн ұясына батар алдында шығады.
  • Ұшқан кезде жерден ауыр көтеріледі, 3-5 м биіктікке көтерліген соң түзу ұшады.

Ұя салуы

Маңқы - жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, мекиені көзге көп түсе бермейтін сазды төмпешікті жерлерге ұя жасап, оған 4 ірі, сұр түсті теңбіл жұмыртқа салып, 17-18 күн басады.Балапандары тез өседі, дене тұрқы 4-5 аптадан кейін үлкен маңқы құстармен бірдей болады.

Мекендеуі

Еуразияда (Скандинавиядан Енисейге дейін) және Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі аймақтардағы жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың ашық және шалшықты-батпақты жерлерін мекендейді. Қыстау үшін Африкаға ұшып кетеді. [1]

Дереккөздер