Маттейс де Лигт

Маттейс де Лигт[1] (нидер. Matthijs de Ligt[2]; 12 тамыз 1999(19990812), Лейдердорп, Нидерланд) — нидерланд футболшысы, "Бавария" клубы мен Нидерланд құрамасының қорғаушысы.

Маттейс де Лигт Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

12 тамыз 1999 (1999-08-12) (24 жас)

Туған жері

Лейдердорп, Нидерланд

Азаматтығы

 Нидерланд

Бойы

189 см

Салмағы

89 кг

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия Бавария

Номері

4

Жастар клубы
2005—2009Нидерланд Абкауде
2009—2016Нидерланд Аякс
Клуб карьерасы[* 1]
2016—2017Нидерланд Йонг Аякс17 (1)
2016—2019Нидерланд Аякс77 (8)
2019—2022Италия Ювентус87 (8)
2022—Германия Бавария0 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014–2015Нидерланд Нидерланд U155 (0)
2014–2015Нидерланд Нидерланд U168 (0)
2015–2016Нидерланд Нидерланд U1714 (1)
2016Нидерланд Нидерланд U196 (0)
2017— Нидерланд38 (2)
Марапаттары мен медальдары
УЕФА Ұлттар Лигасы
КүмісПортугалия 2019

Карьерасы

Клубтық

Де Лигт "Ювентус" құрамында

"Абкауде" балалар клубында футболмен айналысуды бастаған. 2009 жылы 10 жасында "Аякс" футбол академиясына қосылды. 2015 жылы 16 жасында кәсіби карьерасындағы тұңғыш келісім шартын жасасты. 2016 жылы тәжірибе жинақтау үшін "Йонг Аякс" клубына жіберілді. 2016/17 жылғы маусымда "Аякстың" бас командасына кеп қосылды.

2018/19 жылғы маусымда клубтың капитаны боп тағайындалды.

2019 жылы 18 шілдеде "Ювентуспен" бес жылдық келісім шарт жасасты. "Ювентус" футболшы үшін 75 млн еуро төледі.

2019/20 маусымда "Ювентус" сапында Италия чемпионатында 29 матч (4 гол) өткізіп, ел чемпионы атанды. 2020/21 маусымда Италия чемпионатында 27 матч өткізді.

2022 жылы 19 шілдеде "Бавария" клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды[3].

Ұлттық құрамада

Нидерландының бірнеше жастағы құрамасында ойнаған. Негізгі құрамаға 2017 жылы наурызда шақырылды. 2018 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының топтық турниріне қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Аякс»
«Ювентус»
 Нидерланд

Жеке

  • Нидерландтағы футбол таланты: 2017/18
  • Golden Boy сыйлығының иегері: 2018[4]
  • Нидерландтағы жыл футболшысы: 2019
  • УЕФА Еуропа Лигасының 2016/17 жылғы құрамасына кіреді
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының символикалық құрамасы: 2018/19
  • ФИФПРО құрамасының мүшесі: 2019
  • «Копа» олжасының иегері: 2019
  • УЕФА символикалық құрамасының мүшесі: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер