Марсело Виейра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Марсело Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Марсело Виейра да Силва Жуниор

Туған күні

12 мамыр 1988 (1988-05-12) (36 жас)

Туған жері

Рио-де-Жанейро, Бразилия,

Азаматтығы

Бразилия Бразилия

Бойы

174 см

Салмағы

73 кг

Позиция

қорғаушы, жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

12

Жастар клубы
2002–2005Бразилия Флуминенсе30 (6)
Клуб карьерасы[* 1]
2007—Испания Реал Мадрид348 (25)
Ұлттық құрамы[* 2]
2005Бразилия Бразилия-173 (1)
2007Бразилия Бразилия-204 (0)
2008–2012Бразилия Бразилия-2312 (1)
2006—Үлгі:Байрақ/Brazil58 (6)

Марсело Виейра да Силва Жуниор (порт. Marcelo Vieira da Silva Júnior; 12 мамыр 1988, Рио-де-Жанейро) — Бразилия ұлттық құрамасының футболшысы, Реал Мадрид және Бразилия ұлттық құрамасының сол жақ қорғаушысы және жартылай қорғаушысы. Марселоның керемет техникасы, жойқын соққысы бар және жақсы пас бере алады.

«Флуминенсе»

қайнарын өңдеу

Марсело 9 жасынан бастап футзалда ойнай бастап, 13 жасында Флуминенсе клубының жастар командасына ауысады. Флуминенсе - Бразилияның ең жақсы клубтарының бірі. Алғашында жартылай қорғаушы болып ойнайды, кейін бас бапкер оның жылдамдығын ұтымды қолдану үшін, қорғаушы позициясына ауыстырады. Ата-аналары Марселоның жол қаражатын төлей алмай, ол футбол мансабын бітіруге жақын болды. Алайда клуб перспективті ойыншыны жоғалтпау үшін, қаражатты өз міндетіне алады. «Флуминенсе» сатысында ойнаған 2 маусым ішінде 38 матч ойнап, 6 рез гол соғады.

«Реал Мадрид»

қайнарын өңдеу

Нәтижесінде жас қорғаушы тез уақыт арасында «Реал» селекционерлерінің назарына түсіп, 2007 жылдың қаңтарында мадридтік клубпен 2013жылдың сонына дейін келісімге қол қояды. Келісім суммасы 7 миллион еуро. Марсело Реалда ойнаған отандастары үшін, Мадридте өте тез бейімделеді. Роберто Карлос жас баламен тәжірибесімен бөлісіп, бұл құбылыста қомақты роль атқарады. 2006/07 маусымының аяғында Марсело 6 ойын ойнап, Испания чемпиона атағын ұтады. Бернд Шустер бапкер болған уақытта, Марсело команданый бірінші сатысында өз орнын табады.

2011 жылдың 26 шілдесінде Марсело ресми түрде испан азаматтығын алып, ЕС елдерінде легионер болып саңалмайды.[1].

Ұлттық құрамадағы карьера

қайнарын өңдеу

Марсело Бразилия ұлттық құрамасының Уэльс ұлттық құрамасына қарсы достық ойынында 2006 жылы дебютін жасайды. Матч 2:0 есебімен аяқталады. Сол матчта Марсело ұлттық құрама үшін бірінші голын соғады. Роберто Карлостың құрамадан кетуінен кейін Бразилия ұлттық құрамасында және Реал Мадридте сол жақ қорғаушы болып ойнайды.

2008 жылы Марсело Бразилия ұлттық құрамасынан Пекинде өткен 2008 Жазғы Олимпиада ойындарына шақырылады. Бразилия құрамасы өз жолын C группасында бастайды. Олармен бірге группада Қытай ұлттық құрамасы, Жаңа Зеландия ұлттық құрамалары ойнады. Бразилия құрамасы топтық сайысты абсолюттік көрсеткіштермен бітірді, максимум 9 балдан 9 алып, қақпаларына бірде-бір гол кіргізбеді. Ширек-финалда Марсело ұлттық құрама үшін Олимпиада кезіндегі өзінің бірінші голын соғады. Жартылай-финалда Аргентина ұлттық құрамасынан жеңіліс тауып (0:3), 3-ші орын матчте Бельгия ұлттық құрамасын жеңіп қола медальдарын алады.[2].

Жетістіктері

қайнарын өңдеу

Командалық

қайнарын өңдеу

Флуминенсе

  • Рио-де-Жанейро штатының чмепионы: 2005

Реал Мадрид

  • Испания чемпионы (4): 2006/07, 2007/08, 2011/12, 2016/17, 2019/20
  • Испания кубогы (2): 2010/11, 2013/14
  • Испания суперкубогы (3): 2008, 2012, 2017
  • Чемпиондар лигасы (4): 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18
  • УЕФА суперкубогы (3): 2014, 2016, 2017
  • Клубтар әлем чемпионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018

Бразилия

  • Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 2008
  • Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2012
  • Конфедерациялар кубогы: 2013

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Навигация мәзірі