Маркер

Маркер (Marker, token, mark) —

  1. биттердің бірегей қисындасуы немесе арнайы түрлі десте. Жергілікті есептеу торабында жұмыс бекеті осы маркерге ие болса, онда ол мәліметгер жеткізуге қүқық алады;
  2. ақпарат тасығыштағы аумақтың шекарасын белгілеу, жазылған ақпараттың сипаттамасын түсіну және т.б. үшін арналған арнаулы белгі;
  3. дисплей бетіндегі белгілі бір орынды немесе элементтерді көрсетуге арналған арнаулы белгі; берілетін хабарламадағы ентаңба, ол оның басын немесе соңын анықтайды.[1]
  4. Координаты АТС-дегі іздеу сатыларының коммутациялық блоктарына қызмет көрсететін топтық басқарушы құрылгыларын маркер деп атайды. Маркер адрестік ақпараттың бір бөлігін регистрден қабылдайды және есте сақтайды, қабылданған ақпаратты өңдейді, коммутациялық блокгің кірісі мен шыгысы арасындағы бос жалғанатын жолды таңдайды, жалғау кезінде коммутациялық құралдарды басқарады.[2]

Дереккөздер