Мария Юрьевна Кириленко

Мари́я Ю́рьевна Кириле́нко (1987 жылдың 25 қаңтар айында КСРО, Москвада дүниеге келген) – ресейлік кәсіби теннисшы, жеке сында әлемдегі экс-10-шы ракетка, спортқа еңбегі сіңген шебер, 1 мемлекеттік орденнің иегері, 1 Олимпиада ойындарының медалінің иегері.

Kirilenko RG13 (26) (9386590456)

Жетістіктері

  • Жеке сында әлемдегі экс-10-ші ракетка.
  • Жұптық сында Әлемдік WTA Туры Финалының 1 дүркін жеңімпазы (2012).
  • Жұптық сында Үлкен шлем турнирінің 2 дүркін финалисты (Australian Open-2011, Roland Garros-2012).
  • Жұптық сында Үлкен шлем турнирінің 2 дүркін жартылай финалисты (Australian Open-2010, US Open-2011).
  • Жұптық аралас сында (миксте) Үлкен шлем турнирінің 2 дүркін жартылай финалисты (Уимблдон-2008, Australian Open-2011).
  • Жеке сында Үлкен шлемның 3 дүркін 1/4 финалисты (Australian Open-2010, Уимблдон-2012, Roland Garros-2013).
  • Жұптық сында Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы XXX Олимпияда ойындарының қола медалінің иегері.
  • Жұптық сында әлемдегі экс-5-ші ракетка.
  • Жеке сында WTA сериясындағы турнирлерде 6 дүркін жеңімпазы (барлығы – 18).
  • Ресей ұлттық командасының құрамасында Федерация Кубогының 2 дүркін финалисты (2011, 2013).
  • Жеке сында юниорлар арасында әлемдегі экс-2-ші ракетка.
  • Жеке сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін жеңімпазы (US Open-2002).
  • Жеке сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін жартылай финалисты (Уимблдон-2002).

Жалпы Ақпарат

5 жасынан бастап тенниспен айналысады. Тенниске әкесі алып келген.

2001 жылдың 7 қазанынан бастап кәсіби теннисшы. Өзінің әкесі Юрий Кириленко бапкері екен.

Теннисшы Игорь Андреевпен кездескен, ол жігітпен миксте де өнер көрсеткен. Кейін хоккейшы Александр Овечкинмен кездесе бастаған. 2012 жылдың 31 желтоқсанында отбасын құруга шешім қабылдағандарын жариялады.

Баскетболшы Андрей Кириленкомен туыстығы жоқ екенін Мария айтқан, 2011 жылы ғана танысқан екен, десе де интервью бергенде әкелеріміз ағайынды туыспыз деп әзіл ретінде жауап беруге келіскен екен.

Марапаттары мен атақтары

  • Ресей Республикасының спортқа еңбегі сіңген шебер (20 тамыз 2012 жыл).
  • II дәрежелі медаль «За заслуги перед Отечеством» Ордені (13 тамыз 2012 жыл) – дене тәрбиесі және спортқа қомақты ұлес қосқаны, Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы XXX Олимпияда ойындарында жоғарғы сторттық жетістіктері ұшін.
  • Жұптық сында Лондонда өткен 2012 жылғы жазғы XXX Олимпияда ойындарының қола медалінің иегері.

Спорттық Карьерасы

Спортқа еңбегі сіңген шебер Елена Брюховец жаттығып жатқан 12 жасар Марияны байқап, арасына 1 жыл салып бірігіп жұмыс істеуге шақырды. 3 жылғы арнаулы бағдарламамен жұмыс жасап, 3 жылдан кем уақытта Кириленко өз жасындағы топта 1-ші нөмір, ал 18 жасқа дейінгілер арасында 2-ші нөмір болды.

Евгений Кафельников, Андрей Ольховский және Максим Мирный Марияға жаттығу барысын, турнирларға қатысу ретін құрастыруға көмектесті.

2002 жылы Кириленко 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Канада мен АҚШ біріншіліктерінде ең жас жеңімпаз болды.

2001 жылдың 7 қазанынан бастап кәсіби теннисшы. 2004 жылы жарақат алады.

2005 жылы WTA турнирларында ең алғашкы титулын жеңіп алады, China Open финалында Анна-Лена Грёнефельдты 6-3, 6-4 есебімен жеңеді.

2006 жылы Уимблдонда 17 нөмер болып өнер көрсетеді, бірақ 1-ші айналымда жапондық Синобу Асагоэға ұтылады.

Жыл соңындағы рейтингі

ЖылЖеке
рейтингі
Жұптық
рейтингі
201319225
2012147
2011287
20102014
20096321
20082924
20073135
20063026
20052527
2004111148
2003122258
2002417

Турнирларда Өнер Көрсету

Жеке дәрежедегі турнирледе өнер көрсету

Жеке сында WTA турнирлердің финалы (12)

Жеңістер (6)

Жеңілісі (6)

Жұптық сындар

Жұптық дәрежеде Үлкен шлем турнирлердің финалы (2)

Жеңілісі (2)

Турнирлерге Қатысу Тарихы

Жеке сындағы Үлкен Шлем турнирларда өнер Көрсету

Жұптық сындағы Үлкен Шлем турнирларда өнер Көрсету

Сілтемелер