Маргарет Тейлор

Маргарет Маколл Смит Тейлор (ағылш. Margaret Mackall Smith Taylor; 21 қыркүйек 178814 тамыз 1852) – Америка Құрама Штаттарының 12-ші президенті Закари Тейлордың жұбайы және 1849-1850 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Маргарет Тейлор
Margaret Taylor
Маргарет Тейлор
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1849 жыл — 9 шілде 1850 жыл
ІзашарыСара Полк
ІзбасарыЭбигейл Филлмор
Өмірбаяны
Дүниеге келуі21 қыркүйек 1788 (1788-09-21)
Мэриленд, АҚШ
Қайтыс болуы14 тамыз 1852 (1852-08-14) (63 жас)
Миссисипи, АҚШ
ӘкесіУолтер Смит
АнасыАнна Маколл-Смит
ЖұбайыЗакари Тейлор
БалаларыРичард Тейлор, Сара Нокс Тейлор

Өмірбаяны

Маргарет Тейлор

Маргарет Калверт Каунти, Мэриленд штатында 1788 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келеді.  Оның ата-анасы Энн Маколл және американдық көтерілстің ардагері Уолтер Смит болды. 1809 жылы Маргарет лейтенант Тейлормен танысады. 1810 жылы 21 маусымда олар некелеседі.  Жұбайларда төрт бала туылады:

  • Энн Маколл Тейлор-Вуд (1811—1875)
  • Сара Нокс Тейлор (1814—1835)
  • Мэри Элизабет «Бетти» Тейлор (1824—1909)
  • Ричард «Дик» Тейлор (1826—1879)

Олардың некесі бақытты болды деп есептелінеді. 1849 жылы наурызда Тейлор Америка Құрама Штаттарының президенті атанады, ал Маргарет Бірінші ханым болады. Нашарлаған денсаулығының кесірінен Маргарет Ақ үйдің қожайының рөлін қалдырады.

Он алты ай президенттілігінен кейін Маргареттің күйеуі Закари Тейлор кенеттен қайтыыс болады, ал миссис Тейлордың денсаулығы күрт нашарлайды. Бұрынғы Бірінші ханым екі жылдан кейін 1852 жылы 14 тамызда Паскагоулда, Миссисипи штатында қайтыс болады. Күйеуінің қасына көмілген. 

Дереккөздер