Майлы дақылдар

Майлы дақылдар[1]май алу үшін қолдан өсірілетін бір жылдық және көп жылдық ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер.

Майлы дақылдар: 1- күнбағыс (1а-себетгүлі; 1ә-жапырағы; 1б-тұқымшасы); 2- зығыр (2а-гүлі; 2ә-қауашағы); 3 - күнжіт (3а-гүлдеп тұрған сабағы; 3ә-қауашағы); 4- көкнәр (4а-гүлі; 4ә-жапырағы; 4б-қауашағы); 5 - рапс (5а-гүлшоғы; 5ә-жапырағы; 5б-бұршаққыны); 6 - жержаңғақ (6а-гүлдеп тұрған бөлігі; 6ә-жемісі)

Май алынатын өсімдіктер

Май өсімдіктердің тұқымында, жемісінде, тамыр түйнегінде болады.

Майлы дақылдардың тұқымы мен жемісіндегі майдың мөлшері

Өсімдік атауыМай мөлшеріАлынатын май түрлері
Күнбағыс(тұқмы)
29-57%күнбағыс майы
Соя
15-26%соя майы
Қыша
20-45%қыша майы
Кенепдән
47-59%Кенеп майы
Зығыр
35-52%Зығыр майы
Арахис
41-57%Арахис майы
Рапс
45-50%Рапс майы
Зәйтүн
25-67%Зәйтүн майы
Грек жаңғағы
60-76%Жаңғақ майы
Бадам
60-76%Бадам майы
Күнжіт
50-56%Күнжіт майы

Майдың құрамы мен сапасы майлы дақылдардың түріне және сортына, ауа райына және топырақтың түрі мен құнарлылығына, сондай-ақ, жүргізілетін агротехникалық шараларға байланысты.
Қазақстанда күнбағыс, соя, қыша, кенедән, зығыр, күнжіт тұқымдасы, т.б. егіледі.

Дереккөздер

Дереккөздер