Магомед Мұсаұлы Адиев

Магомед Мұсаұлы Адиев (орыс. Магомед Мусаевич Адиев; 30 маусым 1977[1], Грозный) — ресейлік футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының және ресейлік Ахмад клубының бас бапкері.

Магомед Адиев Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Магомед Мұсаұлы Адиев

Туған күні

30 маусым 1977 (1977-06-30) (46 жас)

Туған жері

Грозный, РКФСР, КСРО

Азаматтығы

 Ресей

Бойы

184 см

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

 Қазақстан

Қызметі

бас бапкер

Клуб карьерасы[* 1]
1994Ресей Ингушетия14 (1)
1995Ресей Анжи-225 (4)
1996—1998Ресей Анжи80 (15)
1997Ресей Анжи-д2 (0)
1999Ресей ЦСКА4 (0)
1999Ресей ЦСКА-28 (5)
1999Ресей Сокол15 (2)
2000Ресей Спартак-2 (Мәскеу)13 (0)
2000—2002Ресей Анжи43 (5)
2002—2003Ресей Сокол20 (1)
2003Қазақстан Жеңіс11 (5)
2004Ресей Терек21 (8)
2004—2006Украина Кривбасс32 (6)
2006—2008Ресей Терек68 (11)
2009Ресей Төменгі Новгород22 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
1999Ресей Ресей (олимп.)4 (2)
Бапкерлік карьерасы
2010Ресей Төменгі Новгородасс.
2011Ресей Волга (НН)асс.
2011Ресей Волга-мол. (НН)
2012—2013Ресей Волга (НН)асс.
2012—2013Ресей Волга-мол. (НН)
2013—2017Ресей Терек-2
2017Ресей Легион Динамо
2018Ресей Ахматасс.
2018—2019Ресей Анжи
2019Ресей Ахматасс.
2019—2021Ресей Чайка
2021—2022Қазақстан Шахтёр
2022— Қазақстан

Карьерасы

Футболшы

1994-2003 жылдары Ресейдің түрлі дивизионындағы командаларында ойнады.

2003 жылы Астананың "Жеңісіне" ауысып, бір маусымдай доп тепті. Сосын Ресей чемпионатына оралды. 2004-2006 жылдары Украинаның "Кривбасс" командасында ойнады.

2009 жылы футболмен қоштасты.

Бапкерлік

2021 жылға дейін Ресей клубтарын жаттықтырды.

2021 жылдың сәуірінде Қарағандының "Шахтерінің" тізгінін ұстады. Маусым барысында УЕФА Конференциялары лигасының плей-офф кезеңіне дейін және Қазақстан кубогының финалына дейін жетті.

2022 жылы сәуір айында Қазақстан құрамасының бас бапкері боп тағайындалды. Сол жылы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында төрт кездесуде жеңіске жетіп, В дивизионына жолдама алды. Құрама бұрын-соңды УЕФА қарамағындағы турнирлерде топ жарған емес. Жыл соңында құрамамен келісім шартты 2024 жылға дейін созды.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан жақсы ойнады. Алғашқы төрт турдың үшеуінде қарсыластарын ұтты (сондай-ақ қатарынан үш кездесуде, бұл УЕФА туы астында бұрын соңды болмаған жетістік).

Жүлделері

Ойыншы

  • Ресей кубогы (1): 2003/04
  • Ресей 1 дивизионы (2): 2004, 2007

Жаттықтырушы

  • Қазақстан кубогының финалисі: 2021
  • УЕФА Ұлттар Лигасының ІІІ дивизионының жеңімпазы: 2022/23

Бапкерлік статистикасы

2023 жылғы 20 маусымға дейін

КомандаЕлЖұмысты бастадыЖұмысты аяқтадыКөрсеткіш
ОЖТҰтСДЖД+-% Жеңіс
Терек-2  Ресей7 маусым 201331 мамыр 20179020304084117-3322,22
Легион Динамо  Ресей13 маусым 201729 желтоқсан 2017198471817+142,10
Анжи  Ресей4 маусым 201826 мамыр 20193266201552-3718,75
Чайка  Ресей14 қаңтар 20195 ақпан 2021311011103339-632,26
Шахтёр  Қазақстан16 сәуір 202126 суәір 202238179127047+2344,74
Қазақстан құрамасы Қазақстан27 сәуір 2022107141714+365,00
Бары220686193237286-4930,00

Дереккөздер