Лили Джеймс

(наурыз 2016)

Ли́ли Джеймс (ағыл. Lily James, 5 сәуір 1989, Ишер) — ағылшын актрисасы.

Лили Джеймс
Lily James
Сурет
Лили Хлоя Нинетт Томсон
Жалпы мағлұмат
Туған күні

5 сәуір 1989 (1989-04-05) (35 жас)

Туған жері

Англия

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

2010 жыл - қазіргі күн

Өмірбаяны

Лили Хлоя Нинетт Томсон 1989 жылы 5 сәуірде Эшер, Суррей, Англияда дүниеге келді. Ол Тригтегі өнер мектебінде оқыған. 2012 жылы Лондондағы Гилдхолл музыка мен театр мектебін бітіреді. Мезгіл-мезгіл бірнеше ағылшын театрларында ойнайды. Лили Джеймс лақап атын қолданады.

«Жай ғана Уилльям» сериалының төрт эпизодында 2010 жылы түсіп, Лили танымал болды. 2011 жылы «Қыздың жасырын күнделігі» атты сериалының 8 эпизодында 2011 жылы ойнады. 2012 жылы Корринаның рөлін «Титандардың ашуы» фильмінде сомдады. 2012 жылдан бастап «Даунтон аббатылығы» сериалында түседі. 2015 жылы «Күлше қыз» фильмінде басты рөлді ойнайды. 

Ресейге баруы

Лили Джеймс және Ричард Мэдден 2015 жылы 17ақпанда «Күлше қыз» фильмінің Мәскеудегі  жабық тұсаукесеріне жобаның режиссері Кеннет Бранамен барады. Ал 27 ақпанда олар «Вечерний Ургант» шоуында қонақ болады. 

Фильмография

ЖылАтауы (қазақша)Атауы (ағылшынша)Рөлі2010Жай ғана УилььямJust WilliamЭтель Браун
2011Қыздың құпия күнделігіSecret Diary of a Call GirlПоппи
2012ХимияChemistryАйнес
2012Титандардың ашуыWrath of the TitansКоррина
2012СынғандарBrokenЕсейген Сканк
2012Жылдам қыздарFast GirlsЛиза Темпл
2012—2015Даунтон аббатылығыDownton Abbeyледи Роуз Макклер Элдридж
20142014 жылғы Сантаның мәтініText Santa 2014леди Роуз Макклер
2015Күлше қызCinderellaЗолушка
2015Тыныш емSilent Treatmentқыз
2015Адам ДжонсAdam JonesСара
2016Кайзердің сүюіThe Kaiser's Last KissМике де Йонг
2016Соғыс және бейбітшілікWar and PeaceНаташа Ростова
2016Абырой және жалған сенім және зомбиPride and Prejudice and ZombiesЭлизабет Беннет
2016Балалар жүргізушісіBaby DriverДебора

Дереккөздер

Орыс уикипедиясынан аударылған.