Лигроин

Лигроин- Мұнайды тікелей өңдеу өнімі. 120-240 °С аралығында қайнай бастайды. Тығыздығы 0,760- 0,795 г/см3. Лигроин бензин мен керосиннің (жермай) аралығына сәйкес келеді. Бұл фракцияны дербестеп алу ұдайы жүзеге асырыла бермейді. Лигроин трактор жанармайы ретінде, лактау-сырлау өндірісінде еріткіш ретінде (уайт-спирт деп аталатын, 165-200 °С температура аралығында алынатын фракция) және кейбір аспаптарда гиравликалық сұйық ретінде қолданылады.[1][2]

Дереккөздер