Леон Шиллер
Леон Шиллер (1887 жыл 14 наурыз, Краков – 1954 жыл 25 наурыз, Варшава) – поляк режиссері және театр қайраткері.
Еңбек жолы
- Режиссерлік қызметін 1917 жылы Варшавадағы «Поляк театрында» бастады.
- 1922 жылы «Редута» театрында ойнады.
- 1924 – 26 жылы Варшавадағы озық демократ В. Богуславский атындағы театрға жетекшілік етті. Бұдан кейін Варшава, Львов, Лодзь театрларында қызмет етіп, Ю. Словацкийдің «Кордиан», С. Жеромскийдің «Роза», А. Мицкевичтің «Дзяды», В. Богуславскийдің «Краковтықтар мен таулықтар», С. Выспянскийдің «Азаттық», У. Шекспирдің «Юлий Цезарь», И. Гей мен В. Брехттің «Үш тиындық опера» тағы басқа пьесаларын қойды. Әлеуметтік әделетсіздікке қарсы күрес пен революциялық романтикаға толы, монументті, қаһармандық-поэтикалық спектакльдар жасауға ұмтылды.
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары (1941 жылдан) Освенцим шоғырлану лагерінде (концлагерь) қамауда болды. Польша азат етілгеннен кейін Лодзь, Варшава театрларында қызмет етті.
- 1933 жылдан педогигалық қызметпен шұғылданды.
- 1951 – 54 жылы «Театр күнделігі» журналының редакторы болып, театр мен кино өнері мәселелері жайында көптеген мақалалар жазды.
- 1947 – 59 жылы Сейм депутаты болды.
- 1950 – 54 жылы Поляк театры мен кино әртістері одағының президенті болды.
Марапаттары
Поляк Халық Республикасының Мемлекет сыйлығының лауреаты (1948).[1]
Дереккөздер
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақша жыл санауХОК коды тізіміИсламдағы жыныстық өмір әдебіБаланы қырқынан шығаруҚазақстанЕтеккірАбай ҚұнанбайұлыПроспект (Мэн)Арнайы:ІздеуҚазақ хандығыАрнайы:Жуықтағы өзгерістерМұхаммедАлланың есімдеріҚазақстан қалаларыТуыстық атауларыАутизмБесін намазыСоқырішекӘл-Фатиха сүресіҚарақұртЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақ хандарыҚуық түбі безінің қабынуыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақ руларыСағи Асанәліұлы ӘшімовХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЖылқы малының атауларыАрғынШыңғыс ханМастопатияНаймандарФутболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатыСалауатҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Мемлекет астаналары тізімі