Левон Исаевич Мирзоян

Левон Исаевич Мирзоян (арм. Լևոն Եսայիի Միրզոյան, 14 қараша 1897 жыл, Шуша, Елизаветполь губерниясы – 26 ақпан 1939 жыл, Мәскеу) — мемлекет қайраткері.

Левон Исаевич Мирзоян
арм. Լևոն Եսայիի Միրզոյան
Левон Исаевич Мирзоян
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан КП(б) ОК 1 - бірінші хатшысы
Ту
Ту
23 сәуір 1937 жыл — 23 мамыр 1938 жыл
ІзашарыЛауазымы бекітілді; ол өзі, БКП (б)Қазақстан өлкелік комитетінің хатшысы ретінде
ІзбасарыНиколай Скворцов
Ту
Ту
БКП(б)Қазақстан Өлкелік Комитетінің 3-хатшысы
Ту
Ту
Ақпан 1933 жыл — 23 сәуір 1937 жыл
ІзашарыФилипп Голощёкин
Ту
Ту
Әзірбайжан Компартиясы ОК 3-бірінші хатшысы
Ту
Ту
21 қаңтар 1926 жыл — 5 тамыз 1929 жыл
ІзашарыРухулла Ахундов
ІзбасарыНиколай Гикало
Өмірбаяны
ПартиясыКОКП (1917 жылдан)
Азаматтығы Ресей империясы

 КСРО

ДініАрмян шіркеуі
Дүниеге келуі14 қараша 1897 (1897-11-14)
Шуша, Шуша уезі, Елизаветполь губерниясы, Ресей империясы
Қайтыс болуы26 ақпан 1939 (1939-02-26) (41 жас)
Лефортово түрмесі, Мәскеу
ЖерлендіДон зираты (Мәскеу)
ЖұбайыЮлия Федоровна Тевосян
МарапаттарыЛенин ордені
Levon Mirzoyan Ортаққорда

Өмірбаяны

Ұлты – армян. 1912 жылдан Бакудегі төңкерісшіл қозғалысқа қатысты.

  • 1917 – 18 жылдары Баку Кеңесінің мүшесі болған.
  • 1918 жылы 31 шілдеде Бакуде Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Закавказьеде жасырын жұмыс жүргізген.
  • 1920 – 25 жылдары кәсіподақтардың Әзірбайжан Кеңесінің төрағасы, Әзірбайжан КСР Еңбек Халкомы,
  • 1925 – 29 жылдары Әзірбайжан Коммунистік партиясы ОК-нің хатшысы қызметінде болды.
  • 1929 – 33 жылдары БК(б)П Пермь округі кенесінің, Орал облысы кенесінің 2-хатшысы болған.
  • 1933 жылғы қаңтардан БК(б)П Қазақ Өлкелік партия кенесінің,
  • 1937 жылы маусым – желтоқсан аралығында Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің 1-хатшысы қызметінде болды.

Қазақстанда 1931 – 33 жылы Ф.Голощекин ұйымдастырған ашаршылық салдарын жою мақсатында жүргізген шаралары үшін қазақ халқы оны “мырзажан” деп құрмет тұтқан. Мирзоян басшылық еткен кезеңде Қазақстан мәдениеті алға дамыды. 1934 жылы ҚазМУ ашылды, 1936 жылы. Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті, 1938 жылы алғашқы қазақ кино туындысы “Амангелді” жарыққа шықты.

1936 жылы Қазақ АКСР-і РКСФР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды. Ол саяси қуғын-сүргінге ұшырап КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының шешімімен ату жазасына кесілген. 1955 жылы 10 қарашада ақталды.

Марапаттары

Ленин орденімен марапатталған. Алматы көшелерінің бірі Мирзоян есімімен аталады.[1] Алматыдағы көше Шафик Чокин атына өзгертілді.[2]

Дереккөздер