Лабрадор ағысы

Лабрадор ағысы - Солтүстік Америка жағасымен өтетін Атлант мұхитының суық ағысы.

Солтүстік Американың шығыс жағалауындағы Лабрадор ағысы

Ағыс туралы

Баффин теңізінен басталады да Ньюфаунленд банкісіне таяу жерде Гольфстрим жылы ағысымен кездесіп, аралық тереңдікке ауысады. Жылдамдығы 1-2 км/сағ.

Қасиеттері

Суының температурасы қыста -1°C-қа дейін төмендейді, оңтүстігінде 5°C; жазда солтүстігінде 2°C, оңтүстігінде 10°C. Тұздылығы 30,0-32,0%о.

Қауіптілігі

Лабрадор ағысында кемелерге қауіпті қалқыма ірі мұз сынықтары кездеседі.[1]

Дереккөздер